Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдум қарсаңында еңбек ұжымдары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінуде.

Бүгін орталығымыздағы учаскелік референдум комиссиясы дөңгелек үстел өткізді.

Учаскелік референдум комиссиясының төрағасы Назыров Шамиль Владимирович референдумның негізгі мақсаттары мен міндеттеріне тоқталып, қазіргі уақытта ШҚО ММО әрбір қызметкеріне алдағы іс-шара туралы толық, объективті ақпаратты жеткізу басты міндет екенін атап өтті.

Комиссия мүшелері біздің еліміздің негізгі заңының 33 бабына суперпрезиденттік республикадан шығуды, партиялық-саяси саланы жаңғырту, парламент пен жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) өкілеттіктерін күшейтуді қамтамасыз ететін 56 түзету қарастырылғанын түсіндірді.
 
Дөңгелек үстел барысында орталық қызметкерлері барлық сұрақтарына түсіндірмелер мен жауаптар алды.
 
Естеріңізге сала кетейік, біздің орталықта дауыс беру кезінде емделетін науқастардың дауыс беру құқығын қамтамасыз ету мақсатында №63 референдум учаскесі жұмыс істейді.
 
Дауыс беру референдум өтетін күні – 2022 жылғы 5 маусымда – жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді.
 
Сайлау учаскесін referendum2022.gov.kz  сайт арқылы немесе 109 iKomek байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы білуге ​​болады.