Аурухананың тарихы
1. Кәсіпорынның атауы: ШҚО ДСБ «Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығы» ШЖҚ КМК
2. Бас дәрігер: Макашева Шолпан Ермековна
3. Мекен-жай: Қазақстан Ресупбликасы, Шығыс Қазақстан облысы, 070002, Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 18, тел/факс 8(7232) 75 28 87.
4. Салынған жылы: 1982
Біздің ауруханамыздың тарихы
Бірінші қалалық аурухананың алғашқы туған күні -1951 жыл, аурухана қалашығы Ворошилов көшесі бой көтерген, 1982 жылы Новошкольная көшесінде Аурухана кешені пайда болды.
Аурухана кешенін құру – оның құрылуына тікелей немесе жанама қатысы бар барлық адамдардың қажырлы еңбектерінің жемісі. Оның ішінде металлургтер мен тігіншілер, теміршілер мен энергетиктер, студенттер мен кәсіби техникалық училищенің оқушылары, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері бар. Бір-біріне кірпіштей болып қаланған мейірімділік, рақымдылық және денсаулықтан құралған адамдардың еңбегі.
Бірінші қалалық аурухана – мемлекет ішіндегі мемлекет, барлық дертке душар болатын адамдардың келетін алдыңғы шебі.
1982 жылдың қазанында емхана ашылды. 1997 жылға дейін барлық құрылым аумақтық, өнеркәсіптік және студенттік емхана ретінде жұмыс істеді. Кеңес Одағы құлағаннан кейін денсаулық сақтау саласында да көптеген өзгерістер орын алды. Л.М.Кузнецова «Амбулаториялық орталық» деп аталатын жаңа құрылымды басқарды. Бүгінгі таңда емхана «Амбулаториялық емхана» мекемесі болып саналады.
1982 жылдың қыркүйегінде алғашқы жеке екі қабатты үйде балалардың инфекциялық бөлімшесі, қазанда бас корпустың бесінші қабатына Төртінші қалалық ауруханадан эндокринология бөлімшесі көшіп келді. Гастроэнтерология, неврология, нейрохирургия, жақ-беттік хирургия, нефрология, урология, реанимация, хирургия бөлімшелері ашылды. Қазақстанда тұңғыш гипербариялық оксигенация бөлімшесі ашылды.
Аурухананың салынып, құрылуында бұрынғы бас дәрігер В.П.Кравцов зор үлес қосқан. Бүгінгі таңда В.П.Кравцовтың сыннан өткен шәкірттері оның көмекшілері - орынбасарлары, басты және жетекші мамандар, бөлім меңгерушілері болып қызмет атқарады.
Бірінші қалалық аурухана қарқынды жұмыс істей бастады. Қала тұрғындарына шұғыл және жоспарлы мамандырылған көмек толығымен көрсетілетін болды. Сол кездің ауырпашылықтарына қарамастан, демалыссыз жұмыс істеген.
Жаңа ұжымды құру Совет заманында оңай іс болмады.
1983 жылдың соңында аурухананың барлық бөлімшелері қатарға қосылды, 1280 медициналық қызметкерлер мен техникалық персоналды ортақ мақсат-мүдде біріктірді.
«Аурухананың 510 төсек-орындық бас корпусы және қосымша ғимараттарын қолданысқа енгізу жөніндегі Мемлекеттік комиссия актісін бекіту туралы» Өскемен қаласының Халықтық депутаттар Кеңесінің атқару комитетінің 1982 жылғы 28 маусымдағы №308 шешімінің негізінде №1 қалалық аурухана іске қосылды. Ол кезде 782 адам жұмыс істеген: оның ішінде, медицина ғылымдарының кандидаты – 3, дәрігерлер – 110, орта медициналық персонал – 301, кіші және қызмет көрсетуші персонал – 371.
Аурухана бөлімшелері келесі тәртіпте ашыла бастаған:
Урология бөлімшесі - 23.01.1983 ж., 60 төсек-орын;
Гинекология бөлімшесі – 18.06.1996 ж., 60 төсек-орын;
Нейрохирургия бөлімшесі – 01.02.1983 ж., 60 төсек-орын;
Отоларингология бөлімшесі – 24.06.1994 ж., 40 төсек-орын;
Анестезиология-реанимация бөлімшесі – 20.05.1982 ж. 12 төсек-орын;
Неврология бөлімшесі - 30.08.1982 ж., 40 төсек-орын;
Кардиология бөлімшесі – 15.12.1982 ж., 40 төсек-орын;
Жақ-беттік хирургия бөлімшесі – 02.01.1986 ж., 30 төсек-орын;
Эндокринология бөлімшесі – 02.08.1982 ж., 30 төсек-орын;
Гастроэнтерология бөлімшесі – 09.12.1982 ж., 60 төсек-орын;
Ревматология бөлімшесі – 08.09.1984 ж., 40 төсек-орын;
Нефрология бөлімшесі - 02.11.1982 ж., 40 төсек-орын;
Жалпы терапия бөлімшесі – 26.08.1987 ж., 60 төсек-орын;
Операция бөлімшесі - 1985 жылдан бастап;
№1 жұқпалы аурулар бөлімшесі – 05.10.1998 ж., 70 төсек-орын;
№2 жұқпалы аурулар бөлімшесі - 13.10.1998 ж., 65 төсек-орын;
Қабылдау-диагностика бөлімшесі - 02.08.1982 ж.;
Патологиялық анатомия бөлімшесі – 30.08.1982 ж.;
Сәулелі диагностика бөлімшесі – 01.09.1982 ж.;
Физиотерапия бөлімшесі – 13.10.1982 ж.;
Функционалдық диагностика бөлімшесі – 02.01.1987 ж.;
Клиникалық-диагностикалық зертхана –1984 жылдың наурызы;
Гипербариялық оксигенация бөлімшесі – 21.04.1983 ж.;
Қан құю бөлімшесі– 07.04.1983 ж.;
Орталық залалсыздандыру зертханасы – 24.08.1983 ж.;
Дәріхана - 1994 жылдың қарашасы;
Ас әзірлеу блогы – 18.12.1984 ж.;
Шаруашылық қызмет –1983 жылғы наурыз.
Уақыт өте келе кәсіпорынның атауы келесі тәртіпте өзгеріп отырған:
- 02.06.1999 ж. №52-Ө бұйрығының негізінде Өскемен қаласының «№1 қалалық ауруханасы» Өскемен қаласының «№1 қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып өзгертілген.
- 16.06.2005 ж. бастап №65 а-Ө бұйрығының негізінде Өскемен қаласының «№1 қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «ШҚО Денсаулық сақтау департаменті» ММ «№1 қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып өзгертілген.
- 01.08.2008 ж. №106-Ө бұйрығының негізінде «ШҚО Денсаулық сақтау департаменті» ММ «№1 қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының «№1 Өскемен қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып өзгертілген.
- 17.10.2012 ж. бастап 25.05.2011 ж. №82-Ө бұйрығының негізінде Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының «№1 Өскемен қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының «№1 Өскемен қалалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны болып өзгертілген.
2015 жылдың соңында аурухананың қайта ұйымдастырылуы орын алды. «ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы» ММ «Өскемен қаласының №2 қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК қайта ұйымдастыру туралы» 02.11.2015 ж. №1069 бұйрығының негізінде ШҚО әкімдігі ДСБ «№1 Өскемен қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК бірігу арқылы «Өскемен қаласының №2 қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК қайта ұйымдастырылған.
Шұғыл жағдайларда жарақаттанған емделушілерге амбулаториялық жедел медициналық көмек көрсету мақсатында, «Травматологиялық және ортопедиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 6 маусымдағы № 352 бұйрығының 10 тармағы 34 тармақшасы және «Шығыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ 13.02.2017 ж. №108 бұйрығының негізінде 2017 жылдың 01 наурызынан бастап ШҚО әкімдігі ДСБ «№1 Өскемен қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК тәуліктік жарақат пункті жұмыс істейді.
Қазіргі кезде біздің ауруханамыздың құрамына барлығы – 24 бөлімше: 11 параклиникалық бөлімше, 13 клиникалық (6 хирургиялық және 6 терапиялық), оның ішіне, облыстың бірегей бөлімшелері урология, нейрохирургия, токсикология кіреді.