Емделушілердің құқықтары
Қазақстан Pеспубликасы заңнамасындағы емделушілердің құқықтары мен міндеттері
Профилактикалық шаралар құқықтары
Конституциялық ережелер
ҚР Конституциясының 29 бабы денсаулықты сақтау құқықтарын бекітеді: Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
Ұлттық заңнама
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 1 б. 1 т. 88) тармақшасы:
профилактика - аурулардың пайда болуының, олардың ерте сатыда өршуінің алдын алуға және орын алған асқынуларды, ағзалар мен тіндердің бүлінулерін бақылауға бағытталған медициналық және медициналық емес іс-шаралар кешені.
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 112 б. 5) тармақшасы: (АИТВ инфекциясының анадан ұрыққа берілу қаупін азайту жөніндегі профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыру). Бұл нормамен АИТВ инфекциясының және ЖИТС-тың профилактикасы,
диагностикасы және оны емдеу мәселелеріндегі мемлекет кепілдіктері қамтамасыз етіледі.
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 114 б. (АИТВ инфекциясының профилактикасы).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 116 б. 1 тармағы (психиканың бұзылуының (ауруының) профилактикасы).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 153 б. (аурулар профилактикасының мақсаты мен түрлері).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 155-161 б. (медициналық тексерулер, екпелер, инфекциялық емес аурулар, психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділіктің профилактикасы, шылым шегушіліктің, алкоголизмнің профилактикасы және оны шектеу, темір тапшылығы жай-күйі және йод тапшылығы ауруларының профилактикасы).
Қолжетімділік құқықтары
Конституциялық ережелер
ҚР Конституциясының 29 бабы денсаулықты сақтау құқықтарын бекітеді:
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
• ҚР Конституциясының 14 б. 2 т. тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез-келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайтындығын белгілейді.
• ҚР Конституциясының 39 б. 3 т. - Конституцияның бірнеше баптарында (14 бапты қоса алғанда) қарастырылған құқықтар мен бостандықтар ешбір жағдайда да шектелмеуге тиіс.
Ұлттық заңнама
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 87 б. 2) және 3) тармақтары (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің көрсетілуі және медициналық көмекке бірдей қол жеткізуді ұсыну).
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қызметке ақы төлеу комитеті немесе облыстың денсаулық сақтау басқармасымен шарт жасасқан жағдайда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдарда олардың лицензияда айқындалатын қызметінің бағытына сәйкес тегін көрсетіледі («Азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуын қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қарашадағы N 1887 Қаулысы).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 91 б. 1 т. 2) тармақшасы (қандайда бір кемсітушілік факторларының ықпалынсыз, тек қана медициналық критерийлер негізінде айқындалатын кезектілікпен медициналық көмек алу).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 112 б. 1) және 4) тармақшалары (АИТВ инфекциясы бар не ЖИТС-мен ауырған науқастарға тегін негізде ерікті түрде жасырын және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қараудың қолжетімділігі мен сапасы; ауруының сипатына байланысты қандай да бір кемсітушілік нысандарына жол бермеу).
Ақпарат алу құқықтары
Конституциялық ережелер
• ҚР Конституциясының 20 б. 2 тармағы: әркім заң жүзінде тыйым салынбаған, кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқылы.
• ҚР Конституциясының 18 б. 3 тармағы мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдарын әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуді міндеттейді.
Ұлттық заңнама
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 88 б. 1 т. 9) тармақшасы (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника, өткізілетін дәрілік заттардың тиімділігі мен сапасы туралы ақпарат алу).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 91 б. 1 т. 6) тармақшасы (өзінің денсаулық жағдайы туралы тәуелсіз пікір естуге және консилиумнің өткізілуі).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 91 б. 2 т. (пациенттің өз құқықтары мен міндеттері, көрсетілетін қызметтер, ақылы қызметтердің құны туралы, сондай-ақ олардың ұсынылу тәртібі туралы ақпарат алуға құқығы бар).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 91 б. 4 т. (пациент медициналық көмек алу кезінде ұсынылатын және баламалы емдеу әдістерінің ықтимал қатері мен артықшылықтары туралы деректерді, емделуден бас тартудың ықтимал салдарлары туралы мәліметтерді, пациентке түсінікті болатын нысандағы диагноз, емдік іс-шаралардың болжамы мен жоспары туралы ақпаратты қоса алғанда, өз денсаулығының жай-күйі туралы толық ақпаратты алуға, сондай-ақ оны үйге шығару немесе басқа медициналық ұйымға ауыстыру себептері туралы түсінік алуына құқығы бар).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 96 б. 1 т. 3) тармақшасы (өзінің ұрпақты болу денсаулығының жай-күйі туралы дәйекті және толық ақпарат алуға).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 98 б. (бедеуліктен емделуге қатысты толық әрі түбегейлі ақпаратты алу құқығы бар).
• Денсаулық туралы Кодексінің 114 б. 2) тармақшасы (халықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы АИТВ инфекциясы бойынша эпидемия жағдайы туралы және профилактика шаралары туралы хабардар ету).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 115 б. 5) тармақшасы (АИТВ инфекциясын жұқтыру фактісін анықтаған денсаулық сақтау ұйымдары зерттеліп-қаралатын адамға алынған нәтиже туралы жазбаша түрде хабар беріп, өз денсаулығын және айналасындағылардың денсаулығын сақтауға бағытталған сақтық шараларын сақтау қажеттігі туралы ұғындырады, сондай-ақ емделуден жалтарғаны және басқа адамдарға жұқтырғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылығы туралы ескертеді).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 119 б. 5) тармақшасы (психиканың бұзылуының (ауруының) сипаты, емдеу мақсаттары мен әдістері туралы жазбаша ақпаратты, сондай-ақ ұсынылатын емдеудің ұзақтығы, ықтимал ауруды сезіну, жанама әсерлер туралы және күтілетін нәтижелер туралы деректерді беру міндетті).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 133 б. 1 т. 3) тармақшасы (алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдардың өз құқықтары, өздерінің наркологиялық сырқатқа шалдығуының сипаты, емдеу мен медициналық-әлеуметтік оңалтудың қолданылатын әдістері туралы ақпарат алуы).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 157 б. 1 т. 1) тармақшасы (бұқаралық ақпарат құралдары, аурулар профилактикасы мәселелері бойынша оқыту бағдарламалары арқылы халыққа инфекциялық емес аурулардың профилактикасын хабардар ету).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 171 б. 2т. 1) тармақшасы (реципиентке транспланттау бойынша хирургиялық араласуға байланысты оның денсаулығында орын алуы ықтимал асқынулар туралы толық ақпаратты беру).
Консультациялық кеңес және медициналық қызметтер, өнімдер туралы ақпарат алу құқығы:
• Денсаулық туралы Кодекстің 91 б. 9 т. (тағайындалған дәрілік зат туралы толық ақпарат алуға құқығы).
• «Стационарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1464 Қаулысының 6 т. 3) тармақшасы (ТМККК аясында емделушіні стационарға жоспарлы түрде жатқызу кезінде пациентке стационарға емдеуге жатқызу күні туралы хабарланады.).
• «Стационарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1464 Қаулысының 16 тармағы (стационарға келіп түскен кезде медициналық ұйымның ішкі тәртібінің қағидалары туралы, медициналық қызметтер көрсететін медицина қызметкерлерінің деректері (тегі, аты, әкесінің аты) мен кәсіптік мәртебесі туралы мәліметтер ұсынылады.
Келісім беру құқықтары
Конституциялық ережелер
• ҚР Конституциясының 16 б. 1 тармағы жеке бас бостандығы құқығын белгілейді. • ҚР Конституциясының 17 б.: адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.
Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды.
• ҚР Конституциясының 29 б. денсаулықты сақтау құқықтарын бекітеді.
Ұлттық заңнама
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 91 б. 3 т. (медициналық көмек емделушінің ауызша немесе жазбаша хабардар етілген ерікті түрдегі келісімі алынғаннан кейін көрсетілуге тиіс).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 93 б. 1 т. (осы Кодекстің 94-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, пациенттің немесе оның заңды өкілінің медициналық көмектен бас тартуға құқығы бар).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 97 б. 3 т. (жүктілік кезеңінде зерттеп-қарау, емдеу және медициналық араласу әйелдің немесе оның заңды өкілінің келісімімен ғана жүзеге асырылуы мүмкін).
Зерттеп-қарауды, емдеуді және медициналық араласуды кешеуілдету әйелдің және баланың (шарананың) өміріне қауіп төндіретін жағдайларда зерттеп-қарауды, емдеуді және медициналық араласуды жүзеге асыру туралы шешімді дәрігер немесе дәрігерлік комиссия қабылдайды.
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 103 б. 2 т. (хирургиялық стерилизациялауды азаматтың жазбаша келісімі бойынша ғана жүргізеді).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 104 б. 3 т. (кәмелетке толмаған адамның жүктілікті жасанды түрде үзуі олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің келісімімен жүргізіледі).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 115 б. 4 т. (кәмелетке толмаған адамдар мен әрекетке қабілетсіз адамдарды АИТВ жұқпасына куәландыру олардың заңды өкілдерінің келісімімен немесе олардың қалауы бойынша жүргізіледі).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 116 б. 2 т. (осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, психиатриялық көмек адам ерікті түрде өтініш жасаған кезде оның жазбаша келісімімен көрсетіледі).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 123 б. 2 т. (психиатриялық куәландыру, сондай-ақ профилактикалық тексеріп-қарау зерттеп-қаралатын адамның жазбаша келісімімен жүргізіледі).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 125 б. 3 т. (осы Кодекстің 94-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, адамды психиатриялық стационарға жатқызу оның жазбаша келісімімен жүзеге асырылады).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 139 б. 1 т. (хирургиялық араласу, қан, оның компоненттерін құю және диагностиканың инвазиялық әдістерін қолдану науқастардың жазбаша келісімімен қолданылады.
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 169 б. 8 т. (тірі донордан тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) алу оның нотариат куәландырған жазбаша келісімімен ғана жүзеге асырылуы мүмкін).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 170 б. 2 т. (транспланттау реципиенттің не заңды өкілінің жазбаша келісімімен жүзеге асырылады).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 180 б. 3 және 4 т. (клиникалық зерттеулер жүргізу олардың заңды өкілдерінің жазбаша хабардар етілген келісімімен ғана жүргізіледі).
• «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» ҚР Заңының 15 бабы.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 94 б.
1. Азаматтардың келісімінсіз:
1) өз еркін білдіруге мүмкіндік бермейтін есеңгіреген, ес-түссіз жағдайдағы;
2) айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардан зардап шегуші;
3) психикасының ауыр түрде бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші;
4) психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші және қоғамға қауіпті әрекет жасаған адамдарға қатысты медициналық көмек көрсетуге жол беріледі.
2. Кәмелетке толмаған адамдарға және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтарға қатысты медициналық көмек көрсетуге келісімді олардың заңды өкілдері береді. Заңды өкілдері болмаған кезде медициналық көмек көрсету туралы шешімді консилиум қабылдайды, ал консилиумды жинау мүмкін болмаған кезде - медициналық ұйымның лауазымды адамдарын және заңды өкілдерді кейіннен хабардар ете отырып, шешімді тікелей медицина қызметкері қабылдайды.
3. Азаматтардың келісімінсіз медициналық көмек көрсету осы баптың 1-тармағында көзделген негіздер жойылғанға дейін жалғастырылады.
Таңдау еркіндігінің құқығы
Конституциялық ережелер
ҚР Конституциясының 29 бабы денсаулықты сақтау құқықтарын бекітеді:
Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
Ұлттық заңнама
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 96 б. 1 т. 1) тармақшасы; 87 б. 8) тармақшасы (ұрпақты болуды таңдау еркіндігіне).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 88 б. 1 т. 3) тармақшасы (медициналық ұйымды, сапалы әрі уақтылы медициналық көмекті еркін таңдауға).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 88 б. 2 т. (отбасын жоспарлау мен өз денсаулығын сақтау мақсатында өзі қаламайтын жүктіліктен сақтанудың қазіргі заманғы әдістерін еркін таңдауға құқығы бар).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 91 б. 1 т. 3) тармақшасы (дәрігерді немесе медициналық ұйымды таңдауға, ауыстыруға).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 102 б. 1 т. (контрацепция, оның ішінде медициналық контрацепция әдістері мен құралдарын таңдау құқығы бар).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 133 б. 1 т. 2) тармақшасы (алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдардың наркологиялық ұйымды таңдауға).
Құпиялылық пен дарашылдық құқығы
Конституциялық ережелер
• ҚР Конституциясының 18 б. 1 т. әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығын белгілейді.
Ұлттық заңнама
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 87 б. 1 т. 7) тармақшасы (мемлекет Қазақстан Республикасының азаматтарының жеке өміріріне қол сұғылмауына, дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтердің сақталуына кепілдік береді).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 95 б. 3 т. «Дәрігерлік құпия» тарауында: «Дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтерді пациенттің немесе оның заңды өкілінің келісімімен пациентті зерттеп-қарау және емдеу мүддесіне орай, ғылыми зерттеулер жүргізу, осы мәліметтерді оқыту процесінде және өзге де мақсаттарға пайдалану үшін басқа жеке және (немесе) заңды тұлғаларға беруге жол берілетіндігі көзделген.
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 95 б.: Дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтерді азаматтың немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз беруге мынадай жағдайларда:
1) өзінің жай-күйіне байланысты өз еркін білдіруге қабілетсіз азаматты зерттеп-қарау және емдеу мақсатында;
2) айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың таралу қатері болған кезде;
3) тергеу немесе сот талқылауын жүргізуге байланысты анықтау және алдын ала тергеу органдарының, прокурордың, адвокаттың және (немесе) соттың сұратуы бойынша;
4) кәмелетке толмаған адамға немесе әрекетке қабілетсіз адамға медициналық көмек көрсету кезінде оның заңды өкілдерін хабардар ету үшін;
5) азаматтың денсаулығына зақым құқыққа қарсы әрекеттер салдарынан келтірілді деп есептеуге негіздер болған кезде жол беріледі («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 95 б. 4 т.) Денсаулық туралы Кодекстің 112 б. 1) тармақшасы (АИТВ инфекциясын жұқтырғандарға және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға жасырын және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қарауды қамтамасыз ету).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 115 б. 1 т. (АИТВ инфекциясына құпия медициналық зерттеліп-қаралу).
• Денсаулық туралы Кодекстің 131 б. 1 т. (медициналық-әлеуметтік оңалту пациенттің қалауы бойынша жасырын түрде жүзеге асырылуы мүмкін).
• Денсаулық туралы Кодекстің 142 б. 2 т. (анатомиялық сый туралы деректер жария етуге жатпайды).
• Денсаулық туралы Кодекстің 171 б. 3 т. (денсаулық сақтау ұйымдарының медицина және өзге де қызметкерлеріне донор мен реципиент туралы мәліметтерді жария етуге тыйым салынады).
• ҚР ҚК 144 бабында дәрігерлік құпияны сақтау жауапкершілігі көзделген.
Емделушінің уақытын құрметтеу құқығы
Конституциялық ережелер
• ҚР Конституциясының 29 бабы денсаулықты сақтау құқықтарын бекітеді.
Мемлекеттің Конституциясында емделушінің уақытын құрметтеу туралы жеке құқығы қарастырылмаған. Аталған мәселе денсаулықты сақтау құқығы ретінде жалпы мағынада қарастырылуы мүмкін.
Ұлттық заңнама
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 88 б. 1 т. 3) тармақшасы (сапалы әрі уақтылы медициналық көмекті еркін таңдау құқығы).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 91 б. 1 т. 2) тармақшасы (қандайда бір кемсітушілік факторларының ықпалынсыз, тек қана медициналық критерийлер негізінде айқындалатын кезектілікпен медициналық көмек алу).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 97 б. 3 т. 2 азат жол (зерттеп-қарауды, емдеуді және медициналық араласуды кешеуілдету әйелдің және баланың (шарананың) өміріне қауіп төндіретін жағдайларда зерттеп-қарауды, емдеуді және медициналық араласуды жүзеге асыру туралы шешімді дәрігер немесе дәрігерлік комиссия қабылдайды).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 104 б. 2 т. 2) тармақшасы (жүктілікті жасанды түрде үзу жүктіліктің мерзімін ескере отырып жасалады).
Сапа стандарттарын сақтау құқығы
Конституциялық ережелер
• ҚР Конституциясының 29 бабы денсаулықты сақтау құқықтарын бекітеді.
Ұлттық заңнама
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 33 б. 2 т. 1) тармақшасы (денсаулық сақтау субъектілері лицензияға сәйкес сапалы медициналық көмектің көрсетуге міндетті).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 87 б. 4) тармақшасы (мемлекет Қазақстан Республикасының азаматтарына медициналық көмек сапасына кепілдік береді).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 88 б. 1 т. 3) тармақшасы (сапалы әрі уақтылы медициналық көмек алу құқығы).
• ҚР ҚК 114 бабы медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң кәсiптiк мiндеттерiн тиiсiнше орындамау жауапкершілігін қарастырады.
Қауіпсіздік құқығы
Конституциялық ережелер
• ҚР Конституциясының 15 б. 1 т.: әркімнің өмір сүруге құқығы бар.
• ҚР Конституциясының 29 бабы денсаулықты сақтау құқықтарын бекітеді.
Ұлттық заңнама
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 84 б.: (адам денсаулығына дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысына тыйым салу, оларды тоқтата тұру немесе айналыстан алып қою).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 87 б. 5) тармақшасы (Денсаулық сақтау саласындағы құқықтарды қамтамасыз етудің кепілдіктері ретінде дәрілік заттардың қолжетімділігіне, сапасына, тиімділігі мен қауіпсіздігі).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 98 б. 1 т. және 99 б. 1 т. (Қазақстан Республикасының аумағында рұқсат етілген ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологияларын пайдалана отырып, бедеуліктен емделуге құқығы бар).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 127 б. 1 тармағы (стационарлық психиатриялық көмекті, ауруханаға жатқызылған адам мен басқа да адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін неғұрлым аз шектеулі жағдайларда жүзеге асырады).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 164 б. (донорлық қанның, оның компоненттері мен
препараттарының қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 170 б. 4 тармағы (инфекция жұқтырған тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттауға тыйым салынады).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 174 б. 1 т. 4) тармақшасы (әкелінетін, әкететін ағзалар (ағзалардың бөлiктері) және (немесе) тiндер, қан мен оның компоненттерінің биологиялық қауіпсіздігі туралы қорытынды алу).
Инновация құқығы
Конституциялық ережелер
• ҚР Конституциясының 29 бабы денсаулықты сақтау құқықтарын бекітеді.
Ұлттық заңнама
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 1 б. 1 т. 54) тармақшасы (инновациялық медициналық технологиялар - медицина (биомедицина) саласына, фармацияға және денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыруға енгізілуі экономикалық тұрғыдан тиімді және (немесе) әлеуметтік мәні бар болып табылатын ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің әдістері мен құралдарының жиынтығы). «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 29 б. 2 т. 4) тармақшасы (халықаралық инновациялық технологияларды енгізу және денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 88 б. 1 т. 5) тармақшасы (Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен айғақтар болған кезде, бюджет қаражаты есебінен шетелде медициналық көмек алу құқығы) .
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 89 б. 1 т. 1) тармақшасы (әрбір баланың денсаулық сақтау жүйесінің уақтылы әрі тиімді қызметтерін және ауруды емдеу мен денсаулықты қалпына келтіру құралдарын пайдалану құқығы).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 98 б. 1 т. және 99 б. 1 т. (Қазақстан Республикасының аумағында рұқсат етілген ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологияларын пайдалана отырып, бедеуліктен емделуге құқығы бар).
Дерт зардабын жеңілдетуге мүмкіншілік болған кездегі құқықтар
Конституциялық ережелер
• ҚР Конституциясының 29 бабы денсаулықты сақтау құқықтарын бекітеді.
Ұлттық заңнама
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 34 б. 2 т. 6) тармақшасы (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген халық санаттары үшін паллиативтік көмек және мейірбике күтімі кіреді).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 53 б. (паллиативтік көмек пен мейірбике күтімі).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 91 б. 1 т. 5) тармақшасы (медициналық технологиялардың қазіргі деңгейі қандай мүмкіндік берсе, сондай шамада дерт зардабының жеңілдету).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 141 б. (эвтаназияны жүзеге асыруға тыйым салынады).
Медициналық әдеп Кодексі
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 184 б. 2 т. 3) тармақшасы (тек қана пациенттің мүдделерінде шешім қабылдау).
Жекелеген ем жүргізу құқығы
Конституциялық ережелер
• ҚР Конституциясының 29 бабы денсаулықты сақтау құқықтарын бекітеді.
Ұлттық заңнама
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 52 б. (қалпына келтіру емі және медициналық оңалту туа біткен және жүре келе пайда болған аурулардан, сондай-ақ қатты, созылмалы аурулар және жарақаттар салдарынан зардап шегетін азаматтарға қалпына келтіру емі және медициналық оңалту көрсетіледі).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 54 б. 5 т. (жаппай емшілік сеанстарын, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып өткізуге тыйым салынады).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 89 б. 4 т. (мүмкіндігі шектеулі, сондай-ақ АИТВ инфекциясын жұқтырған, ЖИТС-пен ауыратын балалардың білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес тегін медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау алуға құқығы бар).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 91 б. 1 т. 1) тармақшасы (диагностика, емдеу және күтім жасау процесінде өзіне лайықты ілтипат жасалып, өзінің мәдени және жеке басының құндылықтарына құрмет көрсетілу).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 102 б. 2 т. (азаматтарға денсаулығының жай-күйін, жасын және өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, контрацепцияның қолайлы әдістері мен құралдарын жеке іріктеу жөніндегі медициналық көмек көрсетіледі).
Шағымдану құқығы
Конституциялық ережелер
• ҚР Конституциясының 7 б. 2 тармағы:
«Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады».
• ҚР Конституциясының 33 б. 1 тармағы органдарға жүгінуге құқылы:
«Қазақстан Республикасы азаматтарының тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға құқығы бар».
Ұлттық заңнама
• «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» ҚР Заңы.
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 88 б. 1 т. 10) тармақшасы (медицина және фармацевтика қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) денсаулық сақтау ұйымына, жоғары тұрған органға және (немесе) сот тәртібімен шағым жасау).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 106 б. 3 тармағы (туберкулездің жұқпалы түрімен ауырады деп танылған азамат денсаулық сақтау ұйымының шешіміне жоғары тұрған органға және (немесе) сотқа шағым жасай алады).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 117 б. 1 тармағы (жарамсыз деп танылу туралы дәрігерлік комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда сотқа шағымдану).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 123 б. 3 тармағы (тексерілетін адамның немесе кәмелетке толмаған адамның заңды өкілі қарсылық білдірген немесе ол болмаған жағдайда куәландыру қорғаншы және қамқоршы органның шешімі бойынша жүргізіледі, оған сотқа шағым жасалуы мүмкін).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 125 б. 6 тармағы (заңды өкілі қарсы болған немесе заңды өкілі болмаған жағдайда кәмелетке толмаған адамды психиатриялық стационарға жатқызу қорғаншы және қамқоршы органның шешімі бойынша жүзеге асырылады, ол туралы сотқа шағым жасалуы мүмкін).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 125 б. 11 тармағы (ауруханаға мәжбүрлеп жатқызуға келіспеген жағдайда, психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адам немесе оның заңды өкілі сотқа жүгінуге құқылы).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 132 б. 2 тармағы (алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп танылған адам мұнымен келіспеген жағдайда, оның мұндай шешімге жоғары тұрған денсаулық сақтауды басқару органына және (немесе) сотқа шағым жасауына болады).
Өтемақы (өтету) құқығы
Конституциялық ережелер
• ҚР Конституциясының 13 бабында сот арқылы қорғалу құқығы көзделген:
• 1. Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы.
• 2. Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.
Ұлттық заңнама
• ҚР Азаматтық Кодексінің 917 және 921 баптары.
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 88 б. 1 т. 6) тармақшасы (медицина қызметкерлерінің дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы дұрыс тағайындамауынан және қолданбауынан денсаулығына келтірілген зиянды өтету).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 96 б. 1 т. 9) тармақшасы (өзінің ұрпақты болу құқықтарын қорғау).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 113 б. 3 т. (АИТВ жұқтыру немесе ЖИТС ауыруы медицина қызметкерлерінің және тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің өз міндеттерін тиісінше орындамауы салдарынан болған адамдардың өз өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтетуге құқығы бар).
Емделушілердің міндеттері
Қазақстан Республикасының азаматтарының өз денсаулықтарын сақтау және нығайту міндеттілігі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 90 б. 1 т. 1 тармақшасында қарастырылған: азаматтар өз денсаулығын сақтаудың қамын жасауға міндетті.
Конституциялық ережелер
• ҚР Конституциясының 34 б. 1 тармағы:
«Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті».
Ұлттық заңнама
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 92 б. 1 т. 1) тармақшасы (өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға шаралар қолдану).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 115 б. 2 т. (жекелеген тұлғалар тобының АИТВ инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық зерттеліп-қаралу).
Медициналық ұйғарымды орындау міндеттілігі
а) Емделуші өзінің ауруы туралы білгеннен кейін, дәрігердің кеңестері мен тиісті тағайындауларын алып, медицина қызметкерлерінің, денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарының жеке және қоғамдық денсаулыққа қатысты нұсқамаларын орындауға міндетті (Денсаулық туралы Кодекстің 90 б. 1 т. 4) тармақшасы).
Конституциялық ережелер
• ҚР Конституциясының 34 б. 1 тармағы (Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға міндетті).
Ұлттық заңнама
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 92 б. 1 т. 3) тармақшасы (емдеуші дәрігердің барлық нұсқамаларын мүлтіксіз орындау). «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 105 б. 2 т. (туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастар міндетті түрде ауруханаға жатқызылып, емделуге және оңалтылуға тиіс).
e) Тәжірибе және бұзушылықтар үлгілері
Ішкі тәртіп ережелерін сақтау
а) Медициналық ұйымның ішкі тәртібінің қағидаларын сақтауға және мүлкіне ұқыпты қарауға, медициналық көмек алу кезінде медицина персоналымен ынтамақтастықта болу («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 92 б. 1 т. 4) тармақшасы).
Конституциялық ережелер
• ҚР Конституциясының 34 б. 1 тармағы (Қазақстан Республикасының Конституциясын құрметтеуге міндетті). ҚР Конституциясының аталған бабы ішкі тәртіп ережелерін сақтау міндеттілігіне тікелей қатысы жоқ. Бірақ, денсаулық туралы Кодекс Қазақстанның қолданыстағы құқық жүйесіне кіреді, емделушілер ережелерді сақтап, онда қарастырылған міндеттемелерді орындау қажет.
Ұлттық заңнама
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 91 б. 2 т. 2 азат жол ( медициналық ұйымға түскен кезде пациентке медициналық ұйымның ішкі тәртібінің қағидалары туралы мәліметтер берілуге тиіс).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 92 б. 1 т. 4) тармақшасы (медициналық ұйымның ішкі тәртібінің қағидаларын сақтауға және мүлкіне ұқыпты қарауға, медициналық көмек алу кезінде медицина персоналымен ынтамақтастықта болу).
Денсаулық жағдайы туралы ақпарат беру міндеттілігі
а) Білікті медициналық көмек көрсету үшін емделуші қажетті бүкіл ақпаратты дәрігерге хабарлауға міндетті (Денсаулық туралы Кодекстің 92 б. 1т. 3) тармақшасы).
Конституциялық ережелер
ҚР Конституциясының 34 б. 1 тармағы ҚР Конституциясы мен заңдарын сақтауға, денсаулықты қорғау саласында нормативтік-құқықтық актілерін сақтауға міндетті.
Ұлттық заңнама
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 92 б. 1 т. 5) тармақшасы (диагностика мен емдеу процесінде, сондай-ақ айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар не оларға күдік пайда болған жағдайларда, өз денсаулығы жай-күйінің өзгерісі туралы медицина қызметкерлерін уақтылы хабардар ету).
• «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 165 б. 3 т. (донор қазіргі немесе бұрын ауырған барлық аурулары туралы өзіне белгілі мәліметтерді хабарлауға міндетті).