Стационардың күн тәртібі
«Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығы» ШЖҚ КМҚК стационарында болған кезде барлық науқастар қажетті емдеуді, уақтылы дұрыс тамақтануды және санитариялық-гигиеналық шараларды қамтамасыз ете отырып, онда белгіленген тәуліктік режимді сақтауы қажет.
| Уақыт | Іс-шаралар |
| 07.00 | Тұру |
| 07.00-07.30 | Температураны өлшеу |
| 07.30-08.00 | Таңғы гигиена |
| 08.00-09.00 | Таңғы ас |
| 10.00-12.00 | Тексерулер, медициналық емшаралар |
| 12.00-14.00 | Түскі ас |
| 14.00-16.00 | Демалыс уақыты, тыныштық уақыты |
| 16.00-18.30 | Науқастарға туған-туыстарының келуі |
| 17.00 | Емшаралар |
| 18.00-19.00 | Кешкі ас |
| 19.00 | Кешкі серуендеу |
| 20.00-22.00 | Емшаралар |
| 22.00 | Ұйқыға жату |
Кейбір жағдайларда емделуші дәрігердің тағайындаулары және емдеу-диагностикалық бөлімшелердің жұмыс кестесіне сәйкес науқастың күнделікті режимін өзгертуге болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Қазіргі уақытта денсаулық сақтау ұйымдарында аудио, фото және бейнетүсірілімге тыйым салу жалғасуда.
Парақтар өзгертілді: 23-11-2021



