Емделушілерге келу ережелері
Стационарда емделіп жатқан науқастарға келу күн сайын сағат 16.00-18.30 дейін жүргізіледі.
Барлық келушілер стационарда белгіленген режимді сақтауы керек, келушілер міндеттері:
• аурухана ғимаратының кіреберісінде ауыстыратын аяқ киім болуы немесе бір рет қолданылатын бахила болуы керек;
• суық мезгілде аурухананың киім өткізетін орнына сыртқы киім мен аяқ киімді (алмастыратын аяқ киім болған жағдайда) тапсыру;
• киім өткізетін орын берген немесе өзіңізбен бірге әкелінген медициналық жамылғы (халатқа) кию;
• мас күйде болмау, емделушіге алкоголь және (немесе) есірткіден мас күйінде келушілерге рұқсат берілмейді;
• төсек тартып жатқан науқасқа бару үшін алдымен бөлімше меңгерушісімен келісу қажет;
• емделушіге барған кезде палатадағы оның төсегіне отырмау;
• арнайы бөлінген жерде серуендеп жүрген науқастарға бару,
• тазалық пен тәртіпті сақтауға,
• мекеменің медициналық персоналының талаптарын сақтауға, басқа науқастармен және медицина қызметкерлерімен қарым-қатынаста сыпайы және әдепті болуға,
• науқастың тәуліктік режимін бұзбау және емдік-диагностикалық емшараларды жүргізуге кедергі жасамау,
• келушілерге стационарда 20 минуттан артық болмау.
Ақпарат үшін!
Мектепке дейінгі жастағы балаларға палатадағы науқастарға бару ұсынылмайды.
Емделушілерге келу ережелерін бұзғаны үшін ауруханаға келуге тыйым салынуы мүмкін.
Ерекше режимде жұмыс істейтін бөлімшелерге – анестезиология және реанимация бөлімшесі, жұқпалы аурулар және қарқынды терапия палаталарына баруға тыйым салынады.
Бүгінгі күні науқасқа бару коронавирустық инфекция бойынша санитариялық-эпидемиологиялық жағдай тұрақталған және жоғары уәкілетті органдардың тиісті рұқсаты болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Қазіргі уақытта денсаулық сақтау ұйымдарында аудио, фото және бейнетүсірілімге тыйым салу жалғасуда.