ШҚО ДСБ "Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығы" шаруашылық жүргізу ЖҚ КМК бос лауазымдық орынға конкурс  жариялайды

ШҚО ДСБ "Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығы" ШЖҚ КМК бас дәрігері, 1 бірлік (ШҚО, Өскемен қ., Абай даңғылы, 18) 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Облыстық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымының басшысы лауазымына (бас дәрігер) келесі тұлға тағайындалады:

«Денсаулық сақтау» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатының болуы және  «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілікті тағайындау туралы куәлік немесе «Денсаулық сақтау», «Бизнес, басқару және құқық» бағыты бойынша жоғары білім және немесе  «Денсаулық сақтау» және (немесе) «Бизнес және құқық» немесе MBA executive және full time дәрежесі, денсаулық сақтау саласы менеджерінің сертификаты, денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл еңбек өтілінің болуы;

медициналық қызметті (дәрігерлік практиканы) жүзеге асыру үшін-кәсіби құзыреттерінің болуы: бірінші (жоғары) біліктілік санатының дәрігер біліктілігіне (бейін бойынша) қойылатын жалпы талаптарға сәйкестігі, клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты

Лауазымдық міндеттері: Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын шешімдерге, мүліктің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ оның қызметінің қаржы-шаруашылық нәтижелеріне толық жауап береді. Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды. Көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, олардың мемлекеттік стандарттарға сәйкестігін арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді. Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың іс-қимылдарын, көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды. Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Ұйым қызметін талдау және оның жұмысының көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту бойынша қажетті шараларды қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамасы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайларды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмысты үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер етудің басым факторларын айқындайды. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша нақты шаралар қабылдайды. Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың жүргізілуін, санитариялық ережелер мен нормалар мен гигиеналық нормативтердің сақталуын жедел және зертханалық-аспаптық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады. Ұйым қызметінде, оның ішінде, қаржы-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелерінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді. Қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалармен келісім-шарттар жасайды, мәмілелер жасайды. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады. Ұйымды мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта білдіреді. Медициналық этиканың, ішкі еңбек тәртібі талаптарының, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдаланудың орындалуын, өртке қарсы қауіпсіздік пен қауіпсіздік техникасының, санитариялық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді. Ұйымның уақтылы есеп беруін қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы",  "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын, денсаулық сақтау мәселелеріне арналған нормативтік құқықтық актілерді, халық денсаулығы жағдайының статистикасын, халық денсаулығының жағдайын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын, отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, денсаулық сақтауды басқару жүйесі мен денсаулық сақтауды ұйымдастырудың теориялық негіздерін, халық үшін санитариялық ағартуды, гигиеналық тәрбиелеуді және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыруды, адамның өмір сүру ортасының факторларын, денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлық-экономикалық және қаржылық қызметтерінің негіздерін, қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жүйесінің негіздерін, еңбек заңнамасы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын білуі керек.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

3) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттар көшірмелері;

4) еңбек кітапшасының (ол болған жағдайда) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

 5) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 30 қазандағы №175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №148139 болып тіркелген);

6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығы жоқ екендігі туралы анықтама.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар конкурсты жариялаған Кәсіпорынға glavvrachukbol1@mail.ru электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күнге дейін электрондық түрде құжаттарды ұсынады.

Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталар алдында бір сағат бұрын кешіктірмей ұсынылады. Оларды ұсынбаған жағдайда, аталған тұлға  әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурсқа қатысушы оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби даярлығы туралы қосымша ақпарат бере алады (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныстар және т.б.).

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдау ресми бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап он бес күнтізбелік күн өткеннен кейін аяқталады.

Конкурстың өтетін күні мен орны: ШҚО, Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 18, "Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығы"ШЖҚ КМК. Анықтама телефоны: 8(7232)752887.

 

Хабарландыру 2021 жылғы 13 мамырда  «Рудный Алтай» газетінде жарияланған.

Хабарландыру 2021 жылғы 13 мамырда  «Дидар» газетінде жарияланған.