Наш логопед Кошкина Е.В.

Бір де бір адам қоршаған қоғамсыз өмір сүре алмайды. Күнделікті он шақты адаммен сөйлесуге, қарым-қатынас жасауға тура келеді. Бізді түсініп-тыңдау үшін сауатты және анық сөйлей алуымыз қажет.  Бірақ, кейбір адамдардың тіл кемістігі бар,  осы бұзылушылықтарды емдеумен логопед маман айналысады. Осындай кәсіби маман біздің медициналық орталықта қызмет етеді.

Сіздердің назарларыңызға «Инсульттік орталық» бөлімшесінің логопед-дефектолог және логопед-афазиологы Кошкина Елизавета Викторовнаны ұсынамыз. 

 Біздің жас әрі сауатты маман өте зейінді, кішіпейіл және шыдамды адам. Өз қызмет саласы бойынша сөйлеу қызметі бұзылған, тұрақсыз эмоционалдық ахуалы бар, жұтыну қызметі бұзылған инсульт алған немесе әртүрлі ми жарақаттарын алған емделушілермен  жұмыс істейді.

Логопед-дефектолог және логопед-афазиолог педагогика және медицинаның тоғысқан жерінде орналасқан. Біздің емделушілерді қалпына келтіру бойынша осындай күрделі әрі кешенді жұмысты Елизавета Викторовна жүргізеді.

Біздің медициналық орталықтың барлық мамандары секілді Өскемен қаласы, Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының денсаулығын қорғау және олардың саулығы үшін күн сайын еңбек етеді. 

 Елизавета Викторовна, сіздің жеке өміріңізге және жұмысыңызға сәттілік пен табыс тілейміз.