ҚР Премьер-министрінің жұмыс сапары

ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында бірнеше денсаулық сақтау нысандарына келді, оның ішінде, «Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығы» ШЖҚ КМК базасында орналасқан ең заманауи медициналық жабдықпен жабдықталған «Роботталған хирургия, ангиохирургия және трансплантология орталығының» жұмысымен танысты.

Жаңа операция блогының жұмысы басталғаннан бері 2173 операциялық араласулар жүргізілген. Орнатылған роботталған қондырғы урология, хирургия, гинекология бейіндері бойынша инвазивтік араласулардың ең төменгі деңгейімен емделушілердің стационардағы емделу мерзімінің азаюына мүмкіндік береді. Ангиографиялық операция блогында бас миы, аяқ-қол, жамбас қуысының тамырларына операция жасалынады. Урологиялық операция блогында барлық операциялардың басым бөлігі эндоскопиялық жолмен жүргізіледі. 

Медициналық ұйымның бас дәрігері Юрий Старокожев Премьер-министрге баяндағандай, өңірдің тұрғындарына жоғары мамандандырылған медициналық көмекті жетілдіру үшін басымды бағыттар бойынша аурухана мамандарын тұрақты түрде шетелдегі және отандық орталықтарда оқыту жүргізіледі. Нұрсұлтан қаласының ұлттық ғылыми нейрохирургия орталығымен өзара ынтымақтастық туралы  меморандум бар.  Ғылыми орталықтардың мамандары аурухананың қызметкерлерін оқытады және оларға мастер-класс өткізеді, науқастарға тәжірибелік көмек көрсетеді, емдеу және диагностиканың жаңа технологияларын бірге енгізеді.

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин орталықтың жұмысына риза болып, аталған орталықты қала мен өңірге маңызды келешектің жобасы деп атады.