ҚР Премьер-министрінің орынбасары Б.Сапарбаев және ҚР ДСМ вице-министрі К.Надыровтың жұмыс сапары

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Б.Сапарбаевтың Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР ДСМ вице-министрі К.Надыровтың сапарының бағдарламасы  жалғасуда. Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығына келіп, бас дәрігер Ю. Старокожев орталықтың жұмысымен таныстырды.

Сонымен бірге ҚР Премьер-министрінің орынбасары Б.Сапарбаев ШҚО орталығының медициналық қоғамымен кездесті.

Аталған кездесуде ҚР Президенті К.Токаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Мемлекет Басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауының басым тапсырмаларын талқылады. 

ҚР ДСМ вице-министрі К.Надыровтың өз баяндамасында ҚР Президентімен алға қойған басты тапсырмалары талқыланды, оның ішінде, денсаулық сақтау жүйесі инфрақұрылымының дамуы, мемлекеттік жеке серіктестік бағытындағы жұмысты белсендендіру, әлеуметтік медициналық сақтандыруды табысты енгізу үшін дайындық жұмысын белсендендіру,  оңалту саласында нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруді қамтитын іс-шаралар кешенін жүргізу.

 «Келесі жылдан бастап МӘМС енгізілуіне байланысты оңалту қызметінің қаржыландырылуы артылады. Шығыс Қазақстан облысында қалпына келтіру емі және медициналық оңалту бойынша медициналық көмектің қаржыландырылуы   10,8 есеге артылады. Бұл өз ретінде аталған көмектің қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік береді.   Сонымен қатар, балалар және ересектерді оңалтуды жетілдіру бағытында осы өңір әкімдігінің нақты  жоспары бар екендігінен хабардармыз», - деді  өз баяндамасында  Камалжан Надыров.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Б.Сапарбаев кездесуді қорытындылай келе өңірде емханаларды жарақтандыру, медицина саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша көп жұмыстар жүргізілгендігін және ауылдың денсаулық сақтау саласының дамуына да көп көңіл бөлінгендігін атап өтті.    

 КГП на ПХВ «ВКО специализированный медицинский центр" УЗ ВКО