Трансплантология мәселесі бойынша семинар-мәжіліс өткізу туралы

2018 жылдың 29 қарашасында, сағ. 10.00-де ШҚО ДСБ «Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығы» ШЖҚ КМК базасында «Қазақстан Республикасында трансплантологиялық үйлестіру сұрақтары мен қайтыс болғаннан кейінгі орган донорлығының дамуы» тақырыбында облыстың мамандары мен қоғам өкілдеріне арналған   оқыту семинар-мәжілісі өтті.

Аталған семинар Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінің «Трансплантология саласындағы үйлестіру жүйесін құру туралы» мемлекеттік тапсырмасын іске асыру аясында ҚР «Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» ШЖҚ РМҚ ұйымдастырылды.