2026 жылғы 14 сәуірде ШҚО денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығы» ШЖҚ КМК конференц-залында аппараттық кеңес барысында медициналық қызметкерлерге арналған дәріс өткізілді.
Іс-шара аясында келесі баяндамалар жасалды:
• бас медбике Ю.В. Беспалова «Медициналық этика және деонтология» тақырыбында баяндама жасаса, заңгер А.А. Логинова «Қақтығыс жағдайларын реттеу және шешім қабылдау» тақырыбында баяндама жасады.
Дәріс барысында қызметкерлерге медициналық этика мен деонтологияның негізгі аспектілері түсіндірілді, оның ішінде медициналық қызметкерлердің пациенттермен, олардың туыстарымен өзара қарым-қатынасы, сондай-ақ медициналық қызметкерлер арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері қамтылды. Іс-шара барысында іскерлік этикет нормалары мен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ қақтығыс жағдайларының алдын алу және оларды реттеу мәселелері қарастырылып, агрессивті көріністердің жолын кесуге және қақтығысты өзара әрекеттестікті жалғастырудан гөрі тиімдірек, өзара қолайлы шешімдерге қол жеткізуге бағытталған тәсілдер түсіндірілді.





