ТМККК

 

ШҚО әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының «№1 Өскемен қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесі

1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2136 қаулысының 1 тар. 1 т. сәйкес (бұдан әрі - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2136 қаулысы) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі - ТМККК) бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға ұсынылады және барынша дәлелденген тиімді профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтерді қамтиды.

2. ШҚО әкімдігі ДСБ «№1 Өскемен қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК тұрғындарға ТМККК келесі түрлерін ұсынады:

3) шұғыл айғақтар бойынша – жолдаманың бар-жоғына қарамастан, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындайтын жоспарланған көлем шеңберінде МСАК маманының немесе бейінді мамандардың жолдамасы бойынша стационарлық медициналық көмек;
4) МСАК маманының немесе бейінді мамандардың жолдамасы бойынша стационарды алмастыратын медициналық көмек;

3.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2136 қаулысының 2 тар. 8 т. сәйкес  стационарлық көмек түрінде көрсетілетін ТМККК:
1) мамандардың, оның ішінде телемедициналық коммуникацияларды пайдалана отырып, тексеріп-қарауын, консультация беруін;
2) денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкес зертханалық және аспаптық зерттеулерді;
3) медициналық қызметтерді (ақылы қызметтерді қоспағанда), медициналық айғақтар бойынша дәрілік формулярларға сәйкес дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді;
4) медициналық айғақтар бойынша қан және оның компоненттері препараттарымен қамтамасыз етуді;
5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес ерте медициналық оңалтуды қамтиды және мамандырылған көмектің келесі түрлері бойынша тәуліктік стационар режимінде ұсынылады:

  • Реанимация
  • Анестезиология
  • Кардиология
  • Нефрология
  • Неврология
  • Эндокринология
  • Гастроэнтерология
  • Гемотрансфузия
  • Инфекция
  • Нейрохирургия
  • Урология
  • Гинекология
  • Жақ-беттік хирургия
  • Абдоминальная хирургия
  • Травматология
  • Токсикология
  • Физиотерапия

 

Жоғары мамандырылған және жаңа технологиялардың көмегімен мамандырылған медициналық көмек:

  • Нейрохирургия
  • Урология
  • Гинекология
  • Абдоминалдық хирургия
  • Травматология

4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2136 қаулысының 2 тар. 9 т. сәйкес  стационарды алмастыратын медициналық көмек түрінде ұсынылатын ТМККК:  
1) мамандардың тексеріп-қарауын, консультация/кеңес/ беруін;
2) медициналық қызметтерді (ақылы қызметтерді қоспағанда), медициналық айғақтар бойынша дәрілік формулярларға сәйкес дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және мамандырылған көмектің келесі түрлері бойынша күндізгі стационар режимінде ұсынылады:

  • Неврология
  • Урология
  • Гинекология
  • Нефрология
  • Гастроэнтерология
  • Нейрохирургия
  • Кардиология

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2136 қаулысының 2 тар. 7 т. сәйкес  ТМККК шеңберіндегі стационарлық көмек уәкілетті орган белгілеген стандарт палаталарда қосымша сервистік қызметтер (теледидар, телефон, тапсырыс бойынша тамақ және т.б.) ұсынусыз жүзеге асырылады.

ТМККК шегіндегі медициналық көмекке зертханалық-диагностикалық қызметтер жатады:

  • Несеп талдауы
  • Асқазан сөлін зерттеу
  • Үлкен дәретті зерттеу
  • Қақырықты зерттеу
  • Жұлын-ми сұйықтығын зерттеу
  • Қанды қолмен зерттеу әдістері
    Қанды анализаторда зерттеу
  • Қан биохимиясы
    Анализаторда
    Қолмен зерттеу әдісі
  • Коагулология
  • Иммунология
    Анализаторда
  • Иммунофенотиптеу
    Анализаторда

  ТМККК шеңберіндегі медициналық көмекке құралдық-диагностикалық қызметтер жатады:

  • Барлық органдардың ультрадыбыстық зерттеулері
  • Холтерлік мониторинг жүргізу
  • Қан қысымына мониторинг жүргізу
  • Электрокардиография
  • Дуплекстік зерттеулер
  • Рентгеноскопия
  • Рентгенография
  • Фибробронхоскопия
  • Эзофагогастродуоденоскопия

8. ТМККК тізбесінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және айғақтар болған кезде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде емдеу қамтылады.
9. ТМККК көрсету үшін дәрілік заттармен қамтамасыз ету медициналық ұйымдар бекіткен және белгіленген тәртіппен уәкілетті органмен келісілген дәрілік формулярларға сәйкес:
1) жедел/кезек күттірмейтін/шұғыл медициналық жәрдемді;
2) эпидемиялық айғақтары бойынша жұқтыру қаупі кезінде антирабикалық көмекті;
3) айғақтар бойынша санитариялық-профилактикалық және санитариялық-эпидемияға қарсы көмекті;
4) иммунопрофилактиканы/вакцинациялауды;
5) стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде жүзеге асырылады.

 

 

Парақтар өзгертілді: 14-09-2017