СЖТІТ бойынша семинар өткізу туралы

2023 жылғы 14 маусымда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ШҚО бойынша департаменті ШҚО бойынша денсаулық сақтау мекемелерінің комплаенс қызметкерлері үшін , сондай-ақ басшылардың, комплаенс жауапты тұлғалардың офицерлердің, заңгерлердің, ШҚО бойынша "денсаулық сақтау басқармасы" ММ өкілдерінің қатысуымен квазимемлекеттік сектор болып табылатын медициналық ұйымдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың маңыздылығы және дұрыс жүргізілуі туралы семинар өткізді. Аталған семинарды өткізудің мақсаты -  басқару қызметіндегі және нормативтік-құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдердің алдын алу және  анықтау.