2022 жылғы 03 қарашада ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс–офицерлері үшін тәжірибеге бағдарланған семинар өткізілді, оған ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшылығы мен қызметкерлері, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ШҚО бойынша филиалының директоры, облыстың алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының өкілдері және денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, коммуналдық қызметтер, ӘКК және басқа да салалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жөніндегі барлық жауапты қызметкерлері қатысты. Іс-шара Шығыс Қазақстан техникалық университетінде ұйымдастырылды.

Оқыту барысында комплаенс-офицерлер біліктілігін арттыруға, комплаенсті оқытуға бағдарланды, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу рәсімін түсіндірді, оны ресімдеу және өткізу сапасын арттыруды көрсетті.

Сондай-ақ презентациялық материалдар ұсынылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелері мен принциптері түсіндірілді. ISO37001 сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің халықаралық сертификатын алған "Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті" КЕАҚ өкілі және С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің комплаенс-офицері өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, осы бағыттағы білімдерін толықтырды.