Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұжырымдамасы 2022 жылдың ақпан айында қабылданып, алдағы 5 жылға есептелген. Квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі шараларының бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы сәйкестік институты болып табылады. Ол 2020 жылдан бастап жүзеге асырылуда. Бүгінде елімізде мұндай сәйкестікті жүзеге асырған 6 мыңнан астам квазимемлекеттік сектор ұйымдары бар.
2022 жылғы 19 мамырда Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасында «Квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сәйкестік институтын дамыту» тақырыбында семинар өтті.
Шараны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі («Шығыс Қазақстан бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет») ұйымдастырды.
Семинарға облысымыздың медициналық ұйымдарының өкілдері белсенді қатысты.