Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығына Шымкент қаласы №1 қалалық ауруханасының нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Медетов Еркін Жұмағұлұлы шеберлік сыныбымен келді.
Екі күн ішінде «Инновациялық медицина» бөлімшесінің базасында аталған бөлімшенің меңгерушісі Уәп Жандос Талғатұлымен бірлесіп 4 операция жасалды – 2 бассүйекішілік микротамырлық анастомозы және 2 бас миы тамырларының күрделі аневризмаларына клипс салу. Барлық операциялар сәтті өтіп, емделушілер емделуден шығуға дайындалуда.