Сәуір – тазалық пен тәртіптің дәстүрге айналған мезгілі болса, сенбілік – ұрпақты біріктіретін игі дәстүр.

Бұл сондай-ақ корпоративтік рухты көтерудің, команда құрудың, психологиялық климатты жақсартудың, бейресми қарым-қатынас пен өзара әрекеттесу үшін жағдай жасаудың, коммуникацияларды орнатудың, әріптестердің бір-бірін жақынырақ тануына мүмкіндік берудің тамаша тәсілі. Өйткені, халықты ортақ игілікке жұмылдыратындай ештеңе біріктірмейтіні бұрыннан белгілі.

9 сәуір күні «Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығы» ШЖҚ КМК қызметкерлері жалпықалалық абаттандыру, көгалдандыру және қыстан кейінгі қала аумақтарын тазалау айлығы аясында сенбілік өткізді.

Жұмыс барысында көгалдар өткен жылғы шөптен, ағаш бұтақтарынан және қоқыстан тазартылды. Түскен жапырақтар қоқыс пакеттеріне жиналып, одан әрі коммуналдық қызметке тасымалдауға дайындалды.