Құрметті Өскемен қаласының тұрғындары!

Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Г. Ж. Тағаевтың 2020 жылғы 14 мамырдағы №9 қаулысы негізінде Сіздерді карантин тәртібін сақтауға шақырамыз!

Біздің өңірдегі жағдай әзірге тұрақсыз және карантин ережелерін сақтамау (ойын-сауық, спорттық, отбасылық, еске алу іс-шараларына қатысу, әлеуметтік қашықтықты сақтамау, қорғаныш маскаларын және дезинфекциялау құралдарын пайдаланудан бас тарту және т.б.) коронавирустық инфекцияның жылдам таралуына және сіздің денсаулығыңыздың нашарлауына әкелуі мүмкін.

Өзіңізге және жақындарыңызға қауіп төндірмеңіз!

Біздің үйлесімді іс-әрекетіміз бен жауапкершілігіміз COVID-19 пандемиясын тоқтатуға көмектеседі!