«Нефрологиядағы алтын адам» марапаты

Лайықты марапатыңызбен  құттықтаймыз!!!
Қазақстан Республикасында нефрологияның құрылуы мен дамуына жеке үлесін қосқаны үшін біздің медициналық орталықтың нефрология бөлімшесінің меңгерушісі, ШҚО ДСБ бас штаттан тыс нефрологы  Сеременко Людмила Сергеевна Семей қаласында өткен нефрологтардың ІІІ Ұлттық Конгрессінде «Нефрологиядағы алтын адам» номинациясында дипломмен марапатталды.

Өзінің марапатын Людмила Сергеевна келесі сөздермен толықтырды: "Осы марапатта нефрология бөлімшесінің барлық дәрігерлерінің еңбегі бағаланған. Осындай марапатқа әркім лайықты!»
Людмила Сергеевна сіздің еңбегіңізге жеміс, жаңа бастамаларға күш-қуат тілейміз!