2017 жылдың 27 қазанында «№1 Өскемен қалалық ауруханасы»...

2017 жылдың 27 қазанында «№1 Өскемен қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК облыстық хирургтар қоғамы өткізілді. 

Хирургиялық қызметтің 2017 жылғы 09 айының есебі тыңдалды. Келесі тақырыптарға семинар өткізілді: «Жіті ішектік бітеліс. Емдеу тактикасы», «Сүт безінің қатерлі ісігі: бастапқы диагностикасы мен емделуі. Скрининг бағдарламасы».

Келесі тақырыптарда баяндамалар тыңдалды: «Урологиядағы эндовидеохирургиялық операциялар», «Мойын омыртқасының дегенеративтік өзгерістерін хирургиялық жолмен емдеу», «Нейрохирургиялық навигатор арқылы бас ми патологиясын хирургиялық жолмен емдеу».

2017 жылдың жылдық есебін дайындауға арналған ақпарат берілді.

Хирургтар қоғамының отырысы жоғары кәсіби деңгейде өткізілді, облыстың хирургия қызметінің мәселелері және ұйымдастырушылық сұрақтары талқыланды.