Алғашқы TIPS операциясы 

Біздің орталықтың дәрігерлері бауыр циррозымен сырқаттанған, өңештен қан кетуі орын алған 72 жастағы емделушіге алғашқы TIPS (трансяремное портокавальное шунтирование) операциясын жүргізді.

TIPS (Трансяремное внутрипеченочное портокавальное шунтирование) деривация немесе бауырішілік  қақпалық-қуыс көктамырлық шунттау  - жүйелік қанайналымға жататын қақпалық көктамыр немесе оның негізгі тамыры мен бауыр көктамыры арасына байланыс орнататын интервенциялық операция болып табылады. 

Аталған операция қақпалық көктамырдағы жоғары қан қысымын төмендету үшін жүргізіледі.