Премьер-Министр орынбасарының жұмыс сапары

06.12.18 ж. күні Премьер-Министр орынбасары Асқар Жұмағалиев және «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Маулен Ашимбаевтың Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығы» ШЖҚ КМК базасында құрылған Роботталған хирургия орталығы мен Трансплантология мен урология орталығының қызметімен танысты. Жұмыс сапары барысында заманауи операциялық-сандық кешеннің жұмысы мен келешектегі дамуы жөнінде ақпарат берілді. Қондырғы орнатылғаннан бастап роботта 123 операция жүргізілген, урологиялық операциялар 710, бүйректі ауыстыру бойынша 2 транспланттау, ангиографииялық операциялар 191.     

Қазіргі уақытта операция кезінде роботталған техниканы пайдалану бойынша 8 маман оқытудан өткен: 2 хирург дәрігер, 2 уролог дәрігер, 2 гинеколог дәрігер және 2 операция мейіргері. Бұл жалпы хирургиялық, урологиялық және гинекологиялық бейіндегі 3 операциялық бригада (операция жасаушы дәрігер+дәрігердің көмекшісі) құруға мүмкіндік береді.

Шетелде  келесі тағылымдамалардан өткен:

1- Ұлыбританияда 4 дәрігер тағылымдамадан өтті (медициналық ұйымдағы менеджмент – бас дәрігер, интервенциондық ангиохирургия - 2 нейрохирург дәрігер, интервенциондық және операциялық емделуден кейінгі инсульттік науқастарды емдеу - 1 невропатолог дәрігер).

2- Италияда 4 дәрігер тағылымдамадан өтті (2 гинеколог дәрігер, 1 уролог дәрігер, 1 хирург дәрігер).

3- Белорусьта 6 дәрігер тағылымдамадан өтті (трансплантология бойынша мультитәртіптік бригада: 1 уролог дәрігер, 1 хирург дәрігер, 1 нефролог дәрігер, 1 анестезиолог дәрігер, 1 зертханашы дәрігер, 1 функционалдық диагностика дәрігер).

Тағылымдама кезінде алынған тәжірибелік дағдылары мен білімдері біздің орталықта жоғары технологиялық медициналық технологияларды дамытуға мүмкіндік береді.