2018 жылдың 07 сәуірінде «Семей қаласының мемлекеттік медициналық университетінің» базасында  ҚР ДСМ Ғылыми және адами ресурстар Департаментінің өкілі, ШҚО әкімшілігінің өкілі, облыстық, қалалық және аудандық әкімшіліктер өкілдері, ҚР Денсаулық сақтау басқармалары, ҚР бойынша ЕАҰ бас дәрігерлері, Семей қаласының ММУ профессорлық-оқытушылық құрамы, интернатура, резидентура түлектері, бакалавриат түлектерінің қатысуымен ҚР жұмыс берушілерінің VII Республикалық съезі (Бос орындар жәрмеңкесі) өтті.

Аталған іс-шараға Семей қаласының ММУ түлектерін жұмысқа орналастыру және 2018 жылғы медициналық кадрлар сұранысын толықтыру мақсатында біздің аурухана да қатысты.