2026 жылғы 26 тамызда  ШҚОДСБ  «Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медицина орталығы» ШЖҚ КМК конференц-залында аппараттық кеңес барысында медицина қызметкерлеріне арналған дәріс өткізілді. Іс-шара аясында комплаенс-офицер «Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңыздылығы» тақырыбында дәріс өткізді.

Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – тек мемлекеттің ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті. Әрбір азамат сыбайлас жемқорлық әрекеттері туралы хабарлау арқылы өз үлесін қоса алады. Сыбайлас жемқорлықпен күресте әрбір азаматтың рөлі маңызды. Тек бірлескен күш-жігердің арқасында ғана халықтың мүддесіне қызмет ететін тиімді әрі адал денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыра аламыз.

Сыбайлас жемқорлық деңгейінің жоғары болуы азаматтардың мемлекеттік институттар мен  сот төрелігіне деген сеніміне нұқсан келтіреді, бұл өз кезегінде әлеуметтік тұрақсыздыққа алып келуі мүмкін.

Іс-қимылға шақыру: жергілікті деңгейде сыбайлас жеморлыққа қарсы күресте қалай көмектесуге болады-сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес  қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз етудің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.