2026 жылғы 10 маусымда ШҚО ДСБ «Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығы» ШЖҚ КМК-да комплаенс-офицер тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру аясында іс-шара өткізілді. Іс-шара ҚР  мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Әкімшілік-басқару персоналының қызметкерлеріне, медицина қызметкерлеріне және мемлекеттік сатып алу бөлімінің қызметкерлеріне «Квазимемлекеттік сектордағы және комплаенс-қызметтердің жұмысындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктерін жетілдіру» тақырыбы түсіндірілді. Квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің негізгі институционалдық негізі ретінде қалыптастырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің жұмысы түсіндірілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер заңнамалық тұрғыдан бекітіліп, олардың қызметінің негізгі қағидаттары айқындалды және директорлар кеңестері  мен байқау кеңестеріне есеп беруі қамтамасыз етілді.

Сатып алуларды жүргізу кезінде мүдделер қақтығысының, үлестестіктің және сыбайлас жемқорлық сипатындағы келісімдердің алдын алуға ерекше мән берілетіні атап өтілді. Бұл ретте сатып алу жөніндегі шешімдерді қабылдау кезінде жеке мүдделілікке жол бермеу және заңсыз ықпал ету әрекеттерінің алдын алу туралы айтылды. Негізгі міндет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды формалды түрде орындаудан квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың толыққанды ішкі жүйесіне көшу болып табылады.

Дәл осындай тәсіл корпоративтік басқарудың ашықтығын арттыруға, мемлекет қатысатын ұйымдардың есептілігін күшейтуге және мемлекеттік активтер мен ресурстардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.