2026 жылдың 27 сәуірінде Департамент басшысы Ержан Айкымбековтың төрағалығымен Шығыс Қазақстан облысының Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында диалог алаңы өтті.
Бұл іс–шара Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның хаттамалық тапсырмасына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасын әзірлеу аясында өткізілген екінші кеңес болып табылады.
Талқылауға орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, облыстық және қалалық мәслихаттардың, комплаенс-қызметтердің өкілдері, сондай-ақ қоғам өкілдері қатысты. Кездесу барысында жаңа Тұжырымдаманы қалыптастырудың негізгі тәсілдері қаралып, өзекті проблемалық мәселелер талқыланды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленді. Іс – шара барысында ашық диалогқа, ұсыныстардың практикалық маңыздылығына және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті одан әрі нығайту қажеттілігіне ерекше назар аударылды.




