2026 жылғы 11 ақпанда комплаенс-офицер А.А. Логинова ШҚОДСБ «Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығы» ШЖҚ КМК қызметкерлеріне: «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормалары бойынша сауаттылықты арттыру және сыбайлас жемқорлық көріністеріне тұрақты теріс көзқарас базасын қалыптастыру» тақырыбында дәріс өткізді.
Дәріске медициналық ұйымның 47 қызметкері қатысты. Денсаулық сақтау қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын бұзуға қатысты түсініктемелер берілді, жауапкершілік шаралары жеткізілді. Аталған іс-шара қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне тұрақты теріс көзқарастың тұрақты базасын қалыптастыру және олардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды. Медициналық ұйымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.



