2025 жылғы 28 қазанда комплаенс-офицер А.А. Логинова медицина ұйымының қызметкерлеріне «Пациенттерге медициналық көмек көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол берілмейтіні туралы» ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тақырыбында дәріс өткізді. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 80-бабына сәйкес, «Медициналық көмек көрсету тәртібін, стандарттарын сақтамау және оны сапасыз көрсету» бойынша көзделген жауапкершілік түсіндірілді.

Сондай-ақ қызметкерлерге медициналық инциденттерге байланысты заңнамаға енгізілген өзгерістер және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ақпарат жеткізілді.