2025 жылғы 10 маусымда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің офицерлері С Б. Смағұлов, Г. А. Бекбаева, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік және құқықтық бөлімінің бас маманы Е. В. Карпова Шығыс Қазақстан облысының квазимемлекеттік секторының комплаенс-офицерлері үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті дамыту» атты тақырыпта  оқыту семинарын өткізді.

Оқыту семинары барысында 2025 жылға арналған жобалардың қолданыстағы картограммасы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау, кейстерді рәсімдеу және т. б. мәселелер қаралды.

Квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетке оқытуды жүргізуге бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасының тармақтары егжей-тегжейлі қаралды. Мүдделер қақтығысына қатысты мәселелер қозғалды.

Аталған семинарға «Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығы» ШЖҚ КМК комплаенс-офицері А. Логинова қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен ШҚО әкімдігінің өкілдері семинарға қатысушылардың сұрақтарына толық жауап берді.

Оқыту семинарын қорытындылай келе, комплаенс-офицерлерге сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесі және оны өткізу тәртібі / алгоритмі айтылды.