Семинар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру, азаматтық жастар ретінде сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру
2024 жылғы 15 қазанда С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ғимаратында Шығыс Қазақстан облысының квазимемлекеттік секторының сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерінің өкілдері, оның ішінде ШҚМУ студенттері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің мамандарымен, ЖОО оқытушыларымен семинар өткізілді.
Аталған семинарды Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Шығыс Қазақстан университетінің басшылығы ұйымдастырды.
Семинардың мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру, азаматтық жастар ретінде сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру. Семинарда университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі туралы бейнероликтер көрсетілді. Дәрістердің тақырыптары: "Аманжолов университеті: Тарих және қазіргі заман", Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет: табысты кейстер, әдістер мен нәтижелер".
Семинардың басты мақсаты комплаенс қызметінде жұмыс істейтін қызметкерлерге әдістемелік көмек көрсету. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді және денсаулық сақтау қызметкерлері арасында адалдық қағидаттарын ілгерілетумен, парасаттылық пен әдеп құндылықтарын насихаттаумен айналысады.
Іс-шара соңында семинарға қатысушыларға сертификаттар табысталды