"Интернеттегі алаяқтық"
2024 жылғы 2 қазанда ШҚО ДСБ "Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығы" ШЖҚ КМК қызметкерлері үшін Өскемен қ., Абай даңғылы, 18 мекенжайындағы ғимаратта "Интернеттегі алаяқтық" тақырыбындағы акт залында Мейірбай Данияр Мұратқалиұлы ПБ УПБ учаскелік инспекторы өткізді. Семинарға 60-қа жуық адам қатысты.
Полиция қызметкерлері әртүрлі алаяқтық схемалар туралы хабардар етті, онда қаскүнемдер алаяқтық жолмен құпия деректерді алады және азаматтарға несие беру арқылы шоттардан ақша алатыны айтылды. Алаяқтардың карта деректеріне қол жеткізу үшін қолданатын тәсілдерінің бірі - аутентификация, интернет-дүкен серверлерін, төлем және есеп айырысу жүйелерін бұзу. Қашықтан қол жеткізу бағдарламалары мен әртүрлі зиянды бағдарламалар арқылы хакерлер сіз туралы маңызды жеке ақпаратты және азаматтардың төлем карталарының жеке мәліметтерін ала алады. Ешқандай сілтемелерге өтпеңіз. Ақпаратты оқып алуға жол бермеңіз.
Барлық азаматтар қырағылық танытып, дербес деректерді, карта кодтарын, шоттар мен карталардың нөмірлерін, ЖСН ұсынбау қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау. Қызметкерлермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша іс-шаралар өткізу, заңдылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіпті белгілеу.