"Интернеттегі алаяқтық" тақырыбындағы семинар өткізді
2024 жылғы 01 қазанда Өскемен қ. ПБ ПББ криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі полиция майоры Қабышев Дулат Төлеубекұлы, Өскемен қ. ПБ ПББ қызметі жергілікті полиция бөлімшесі бастығының орынбасары полиция капитаны Биболов Еркебұлан Нұржанұлы ШҚО ДСБ "Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығы" ШЖҚ КМК қызметкерлері үшін Өскемен қаласы, Абай даңғылы 18, акт залында "Интернеттегі алаяқтық" тақырыбындағы семинар өткізді. Семинарға 90-ға жуық адам қатысты.
Полиция қызметкерлері әртүрлі алаяқтық схемалар туралы хабардар етті, онда қаскүнемдер алаяқтық жолмен құпия деректерді алып, азаматтарға несие беру арқылы шоттардан ақша алады. Алаяқтардың карта деректеріне қол жеткізу үшін қолданатын тәсілдерінің бірі-аутентификация, интернет-дүкен серверлерін, төлем және есеп айырысу жүйелерін бұзу. Қашықтан қол жеткізу бағдарламалары мен түрлі зиянды бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы хакерлер сіз туралы маңызды жеке ақпаратты және азаматтардың төлем картасының жеке деректерін иемдене алады. Сілтемелер бойынша өтпеңіз. Ақпаратты оқып алуға жол бермеңіз.
Барлық азаматтарға қырағы болуға және жеке деректерді, карта кодтарын, шот және карта нөмірлерін, ЖСН ұсынбауларын сұрайыз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау қажет. Қызметкерлермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру іс-шараларын жүргізу, заңдылықты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіпті белгілеу.