Шығысқазақстандық дәрігерлер бірден екі ауыр жағдайдағы жүкті әйелдердің өмірін сақтап қалды

Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығының дәрігерлері бірден екі жүкті әйелдің өмірін сақтап қалды. Бақытсыз жағдайлар осыдан екі ай бұрын болған еді, қазір пациенттердің беті бері қарап, өмірлеріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жүкті әйелдердің бірі – Алтай ауданы тұрғынының денесінің 65 пайызы күйген, ал самарлық екінші келіншектің ағзасы толық ауланып, бүйректерінің қызметі бұзылған.

Алтай ауданы Бородино ауылының 20 жастағы тұрғыны монша жақпақ болып, жанармайды қолданады. Лап еткен оттан жүктіліктің 25 айындағы келіншектің басы, мойны, кеудесі, қол-аяқтары, барлығы денесінің 65 пайызы күйіп қалды. Жедел медициналық жәрдем көлігімен зардап шегуші Алтай ауданаралық ауруханасының травмпунктіне жеткізілді. Ол жерде науқасты кезекші дәрігерлер: реаниматолог, травматолог, гинеколог қарап, ауданаралық аурухананың реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне жатқызылды.

Науқастың жағдайы өте ауыр болғандықтан жергілікті дәрігерлер облыстық әріптестерінен көмек сұрайды.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің, өңір әкімі Ермек Көшербаевтың, облыс әкімінің орынбасары Дархан Сапановтың қолдауымен бірден тікұшақ бөлінді. Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас реаниматологы Галина Семенова мен санавиация фельдшері Назым Бейсенбаевадан тұратын өңірдің санитарлық авиация бөлімшесінің кезекші бригадасы әйелді Өскемендегі Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығына жеткізді.

Болашақ ана мен оның нәрестесінің өмірі үшін күресте аймақтық дәрігерлердің де, республикалық дәрігерлердің де көпсалалы бригадасы телемедицинаның мүмкіндіктерін пайдаланды. Осындай күрделі науқасты бөлімшенің реаниматолог-анестезиологы Александр Нарейко әріптестерімен бірлесіп емдеді. Әйелдің жағдайы Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында болғанымен, маңызды шешімдерді облыстық дәрігерлерге өз бетінше қабылдауға тура келді.

-Науқас қарқынды терапиядан өтті, теріні трансплантациялау бойынша бірнеше рет ота жасалды. Жарақаттарды таңып, дәкесін ауыстырумен травматология бөлімінің меңгерушісі Рафаэл Гафуровтың өзі айналысты. Ана мен баланың жағдайын облыстың штаттан тыс бас гинекологы Марат Көксегенов үздіксіз бақылап отырды. Біздің науқас екі айға жуық өмір мен өліммен арпалысты. Біз оны емдеп, жүктілікті сақтап қалғанымызға өте қуаныштымыз, - деді Шығыс Қазақстан облысттық мамандандырылған медициналық орталығына дәрігерлері.

Жақында болашақ ана травматология бөлімшесіне ауыстырылды, көп ұзамай ол босануы керек, енді оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Көзіне жас алған келіншек Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығының анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің барлық дәрігерлері мен медицина қызметкерлеріне, оны және сәбиді құтқарған республикалық және өңірлік мамандарға алғыс білдірді.

44 жастағы самарлық әйел 30 маусымда Самар ауданаралық ауруханасына санавиациямен түсті. Оның өмірі де қыл үстінде тұрды: кардиопатия, бүйрек қызметінің бұзылуы, қатып қалған 16 апталық жүктілік, өкпе тамырының тромбасы.

- Әйелді біздің бөлімшенің реаниматологы Елена Дмитриева мен барлық қызметкерлеріміз құтқарды. Бұл жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің, біздің орталықтың бас дәрігері Шолпан Мақашеваның тікелей бақылауында болды, республикалық әріптестерімізбен бірлесе қимылдадық, орталықтың бас дәрігерінің орынбасары Мұрат Нұрбикенов пациенттің жағдайын үнемі назарында ұстады, - дейді орталықтың анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің меңгерушісі Гаухар Мурзағалиева.

Дәрігерлердің өзі келіншекті аман алып қалуды ғажайыпқа теңейді, қазір оның жағдайы тұрақтандырылды. 23 шілдеде пациент реанимация бөлімшесінен жалпы емдеу бөліміне ауыстырылды. Ол өмірін құтқару үшін қолған келгеннің бәрін, тіпті мүмкін емес нәрсені жасаған барлық дәрігерлерге үлкен алғысын білдіреді.