Бас дәрігердің бос лауазымына конкурс жариялау туралы
ШҚО ДСБ "Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығы" ШЖҚ КМК Байқау кеңесі ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-58/2020 бұйрығының талаптарына сәйкес ШҚО ДСБ "Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығы" ШЖҚ КМК бас дәрігерінің бос лауазымына конкурс жариялайды.
Конкурстың өтетін орны: Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 18, тел 8-7232-75-28-87, glavvrachukbol1@mail.ru
Конкурсты өткізу күні: 02.05.2024 ж.
Кәсіпорынның негізгі қызметі: лицензия негізінде медициналық және фармацевтикалық қызметтер көрсету болып табылады.
Кәсіпорынның бас дәрігерінің негізгі лауазымдық міндеттері:
"Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасын, Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамалары (3-қосымша) бөлімінің 2 тарауы, 1 параграфына сәйкес
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамалары (3-қосымша) бөлімінің 2 тарауы 1 параграфына және ҚР Еңбек кодексінің 26 бабына сәйкес.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар келесі құжаттар пакетін ұсынады:
1) конкурсқа қатысу жөніндегі өтініш;
2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4) еңбек кітапшасының (егер бар болса) немесе еңбек шартының көшірмесі, қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтан үзінді көшірме не еңбек өтілін растайтын басқа құжат;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 4 қарашада№ 21579 болып тіркелген) 075/е нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығы жоқ екендігі туралы анықтама.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар конкурсты жариялаған Кәсіпорынға хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғанға күнге дейін электрондық түрде құжаттарды ұсынады.
Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталар алдында бір сағат бұрын кешіктірмей ұсынылады. Оларды ұсынбаған жағдайда ол тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Конкурсқа қатысушы оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби даярлығы туралы қосымша ақпарат бере алады (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми дәрежелер мен атақтары, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныстар және т.б.).
Құжаттарды қабылдаудың басталу күні: 09.04.2024 ж. бастап хабарландыру баспа басылымдарында жарияланған сәттен басталады.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні: 24.04.2024 жыл. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар үшін құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап он бес күнтізбелік күн өткен соң аяқталады.