ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің конференциясы

2023 жылғы 16 қарашада ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бас маманы Гүлнұр Бекбаева ШҚО ДСБ "Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығы" ШЖҚ КМК қызметкерлері үшін онлайн zoom конференциясын өткізді. Конференцияға 45 астам қызметкер қатысты. Мақсаты - сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы өзгерістер. Бұл тақырып қазіргі уақытта өзекті болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нәтижелерге қол жеткізу үшін бүкіл қоғамның міндеті болып табылады. Кез- келген азамат колл-центр 1414 арқылы жүгіне алады, сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлай алады, өтініштің анонимділігіне кепілдік беріледі.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 01.01.2016 жылдан бастап қолданысқа енгізілді. Басты міндет - сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу. Квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою. Нормативтік-құқықтық актілердегі қайшылықтарды анықтау. Сондай-ақ, ҚР ҚК сәйкес жазалау шаралары, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық жасаған кезде қызмет атқару құқығынан айыру туралы түсіндірілді. Сыйлықтарды қабылдауға толық тыйым салу, 2 АЕК  дейін - айыппұл және әкімшілік жауапкершілікке тарту. 7 мыңнан жоғары теңге (сыйлық құны) қазірдің өзінде қылмыстық жауапкершілікке тартылады, жеке тұлғаға айыппұл санкциялары 680 мың теңге, заңды тұлғаларға 8 млн. теңге мөлшерінде айыппұл салынады. Кез-келген сыбайлас жемқорлық бұзушылықтар туралы медициналық ұйымның басшысына жазбаша түрде жеткізу керек. Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында тұрақты негізде алдын алу іс-шараларын жүргізу қажет.