Вебинардың  өткізілуі туралы

Облыс ұйымдары, оның ішінде, медициналық ұйымдар үшін 2023 жылғы 27 қазанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер жөніндегі кеңесші, LL.M, құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл магистрі (IACA) О. Диденко вебинар өткізді.

Тақырыбы:" БҰҰ–ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы – нақтырақ (егжей-тегжейлі)", онда БҰҰ Конвенциясы туралы мәліметтер қамтылды.

20 жыл бұрын, 2003 жылдың қазан айында БҰҰ Бас Ассамблеясы БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын (UNCAC) қабылдады. Қазақстан конвенцияны 2008 жылы ратификациялады. Бүгінгі таңда бұл конвенция сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалғыз заңды міндетті әмбебап құжат болып табылады. Вебинар барысында мынадай мәселелер қаралды: БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының міндетті және міндетті емес ережелері Конвенцияның сыбайлас жемқорлық қылмыстарды айқындау тәсілі. Қазақстанның қандай міндеттемелері орындалмай қалады? Ұрланған және сыбайлас жемқорлық нәтижесінде шығарылған активтерді қайтаруға ерекше назар аударылады. Қатысушы елдерде конвенцияның іске асырылуын мониторингтеу тетігі қандай. Конвенция елдерге сыбайлас жемқорлықпен және ақшаны жылыстатумен күресуге қалай көмектеседі. Вебинарда комплаенс-офицерлерге, комплаенс-функцияларды орындайтын мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне, еліміздің университеттеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы курстардың оқытушыларына пайдалы ақпарат жеткізілді. Вебинардан кейін барлық қатысушылар презентациялық материал алады, "БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы – нақтырақ" арнайы оқыту курсына және вебинардың бейнежазбасына қол жеткізеді.