2026 жылы 11 қарашада ШҚО ДСБ «Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығы» ШЖҚ КМК-ның конференц-залында құқықтық жалпыға бірдей оқыту аясында комплаенс-офицер «Сыбайлас жемқорлық туралы қалай хабарлауға болады» тақырыбында оқыту тренингін өткізді.
Тренинг барысында қызметкерге сыбайлас жемқорлық пен алаяқтық, мүдделер қақтығысы және этикалық бұзушылықтар фактісі туралы белгілі болса, қалай әрекет ету керек, нені білу керек және қайда жүгіну керектігі туралы ақпарат қолжетімді түрде ұсынылады. Комплаенс-офицер елімізде қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік көзқарасын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда азаматтық қоғамның рөлін арттыруға ерекше назар аударылып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау кезінде азаматтық белсенділік танытудың маңыздылығы түсіндірілді. Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау үшін сыртқы арналар (ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, полиция, БАҚ және т.б.), сондай-ақ ішкі хабарлау арналары қарастырылған. Ұйымда ақпаратты ішкі арналар арқылы қауіпсіз жеткізу үшін барлық жағдай жасалған. Атап айтқанда, сенім телефоны, электрондық пошта, өтініштерге арналған жәшіктер, «Қолжетімді бас дәрігер» және комплаенс-қызметі жұмыс істейді. Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау міндеті ұйымның ішкі құжаттарында да, заңнама деңгейінде де белгіленген. Бұл ретте қызметкерлер өздерінің жеке басына қатысты ақпараттың құпиялылығы мен қорғалуының жоғары деңгейіне сенім арта алады.




