2026 жылғы 15 қазанда «ШҚО денсаулық сақтау басқармасы» ММ ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларымен және комплаенс-офицерлерімен кеңес өткізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтері туралы Үлгілік ережеге сәйкес комплаенс-қызметті дербес құрылымдық бөлімше ретінде құру тәртібі (Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 112 Бұйрығы жаңа редакцияда-10.08.2026 ж. №143 бұйрығымен). Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ШҚО бойынша Департаменті басшысының орынбасары А.К. Мустафина ШҚО бойынша денсаулық сақтау саласы басшыларына квазимемлекеттік сектор ұйымдарында комплаенс-қызметтің жұмысын қолданыстағы талаптарға сәйкестендіру және ұйым басшысына тікелей бағынатын жеке комплаенс-қызмет құру қажеттігін жеткізді.



