2026 жылғы 23 қыркүйекте сағат 12:00-де ШҚО Бала құқықтары жөніндегі уәкілі, С. Аманжолов атындағы университеттің оқытушысы, «Қазақстандық медиация және құқықтық инновациялар орталығы «Альтернатива» ҚБ төрағасы, қолданыстағы кәсіби медиатор А.А. Каленова «Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығы» ШЖҚ КМК медициналық ұйымының барлық санаттағы қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өткізді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын бұзуға қатысты түсініктемелер беріліп, жауапкершілік шаралары туралы ақпарат жеткізілді.Медициналық ұйым қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауы, комплаенс-офицер мен комплаенс-қызметтердің жұмысы, жұмыскерлер тарапынан құқық бұзушылық фактілерінің алдын алу және оларға жол бермеу, сыбайлас жемқорлық көріністеріне теріс көзқарасты қалыптастыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау мәселелері бойынша құқықтық сауаттылықты арттыру. Осы тақырып бойынша бейнероликтер көрсетілді.






