2026 жылғы 23 қыркүйекте Аманжолов атындағы ШҚУ ғимаратында мемлекеттік ұйымдардың, оның ішінде квазимемлекеттік сектордың комплаенс қызметтеріне арналған, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Өкілдерінің қатысуымен форум өтті.

ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы А.А. Бейсембаев квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ережеге ерекше назар аударды. Аталған ереже Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 112 бұйрығымен бекітілген. 2026 жылғы 10 тамызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы № 143 бұйрыққа қол қойып, оған сәйкес Үлгілік ереже жаңа редакцияда жазылды. Жаңа редакция 2026 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді, мүдделер қақтығысына қатысты нормаларды қоспағанда, олар 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Жаңа редакцияның негізгі ережелері түсіндірілді, оларды облысымыздың квазимемлекеттік сектор субъектілері ескеруі қажет. Комплаенс-қызметтерді дербес құрылымдық бөлімшелер нысанында құру.

Қызметтің тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оған сатып алуларға, қаржыға, бухгалтерлік есепке, кадрлық және шарттық жұмыстарға, мүлікті басқаруға, ішкі аудитке, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қызмет тарапынан мониторинг жүргізілуге тиіс процестерді құқықтық сүйемелдеуге байланысты функциялар жүктелмейді. Қызмет директорлар кеңесіне, байқау кеңесіне (ол болған жағдайда) немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің өзге де тәуелсіз басқару органына есеп береді және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету кезінде тәуелсіз болып табылады.

Форум барысында комплаенс-қызметтердің Өкілдері өздерінің жұмыс тәжірибесімен бөлісті.