«Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығы» ШЖҚ КМК-ның инновациялық медицина бөлімшесі
Инновациялық медицина бөлімшесі — заманауи жоғары технологиялық диагностикалық әдістерді, хирургиялық емдеу тәсілдерін және медициналық оңалтуды енгізу мақсатында құрылған Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығының мамандандырылған құрылымдық бөлімшесі.

Бөлімше 2022 жылғы 1 қаңтарда ашылды. Қысқа уақыт ішінде ол нейрохирургия, тамыр және эндоваскулярлық хирургия, аритмология, неврология, оториноларингология, пластикалық және реконструктивтік хирургия, лимфология және басқа да бағыттар бойынша мамандарды біріктіретін көпсалалы медициналық команда ретінде қалыптасты.
Бөлімшенің негізгі міндеті — әлемдік медицинаның заманауи технологияларын Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына тікелей өңірдің өзінде қолжетімді ету. Шұғыл және жоспарлы мамандандырылған, сондай-ақ жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету. Бөлімшеде республикалық нейрохирургия орталығында, сондай-ақ алыс және жақын шетелдердің клиникаларында білім алған дәрігерлер жұмыс істейді.Бөлімшеде операциялардың толық спектрі жүргізіледі.
Біздің мүмкіндіктеріміз
Бөлімше медициналық орталықтың алтыншы қабатында орналасқан және заманауи емдеу-диагностикалық алаңдарды қамтиды:
- нейрохирургиялық операциялық бөлме;
- роботтандырылған операциялық бөлме.
- рентгенэндоваскулярлық зертхана;
- жоғары технологиялық хирургиялық араласулар жүргізуге арналған мамандандырылған алаңдар.
Бөлімшенің жұмысы дәлелді медицина қағидаттарына, мультидисциплинарлық тәсілге, білім сабақтастығына және мамандардың кәсіби біліктілігін тұрақты арттыруға негізделген.


Негізгі бағыттар
Нейрохирургия
Жұмыстың жетекші бағыттарының бірі — заманауи нейрохирургия.
Бөлімшеде ми және жұлын аурулары, жүйке жүйесінің тамырлық және функционалдық патологиялары кезінде күрделі операциялар жүргізіледі.
Заманауи әдістер енгізілген:
- Гипофиз және бас сүйек негізінің ісіктері кезінде эндоскопиялық трансназальды транссфеноидальды операциялар;
- Бас сүйек негізінің ыэндоскопиялық хирургиясы;
- Назальды ликворея кезінде ликворлық жыланкөздерді пластикалық жабу;
- 5-аминолевулин қышқылын (5-АЛҚ) қолдана отырып, флуоресцентті навигация көмегімен ми ісіктерін алып тастау;
- Әртүрлі дәрежедегі қатерлі глиомалар (астроцитомалар, глиобластомалар);
- Әртүрлі орналасудағы менингиомалар (конвекситальды, парасагиттальды, фалькс-менингиомалар, бас сүйек негізінің ісіктері);
- Мишық-көпір бұрышының невриномалары (шванномалар), соның ішінде есту жүйкесінің невриномалары.
- Мидың метастатикалық зақымдануы.
- Ми қан тамырларының аневризмаларын микрохирургиялық клиптеу;
- Ми артерия-веналық мальформацияларын алып тастау;
- Экстра-интракраниалдық микроанастомоздар (ЭИКМА);
- Нейронавигацияны қолдану арқылы жүргізілетін операциялар;
- Операция барысындағы нейрофизиологиялық мониторинг;
- Остеопороз немесе гемангиомалар кезінде пункциялық вертебропластика және кифопластика;
- Микрохирургиялық және эндоскопиялық микродискэктомия (мойын, кеуде және бел омыртқалары деңгейлеріндегі омыртқааралық диск жарықтарын алып тастау);
- Омыртқа өзегінің стенозы кезінде декомпрессиялық ламинэктомия, гемиламинэктомия және фасетэктомия;
- Алдыңғы мойын дискэктомиясы және спондилодез (ACDF), омыртқааралық дискілерді протездеу (жасанды дискіге ауыстыру);
- Жұлынның жаңа түзілістері мен ісіктерін алып тастау;
- Интрамедуллярлық ісіктер (жұлынның эпендимомалары, астроцитомалары);
- Экстрамедуллярлық интрадуралдық ісіктер (менингиомалар, жүйке түбіршектерінің невриномалары);
- Экстрадуралдық ісіктер және омыртқаларға метастаздар кезінде декомпрессия және корпорэктомия жасау;
- Радиожиіліктік денервация;
- Туннельдік синдромдар кезінде (карпальды және кубитальды өзек синдромдары) жүйке бағандарын невролиздеу және декомпрессиялау;
- Жүйкенің жарақаттық зақымданулары кезінде жүйкеге тігіс салу, жүйкелік аутотрансплантаттармен пластика жасау;
- Шеткері жүйкелердің қатерсіз ісіктерін (шванномалар, нейрофибромалар) алып тастау;
- Иық және бел өрімдерінің зақымданулары кезінде жүйкелерді трансплантациялау (невротизация).

Тамырлық және эндоваскулярлық хирургия
Заманауи тамырлық көмек ашық хирургиялық және аз инвазивті араласуларды орындауға мүмкіндік береді.
Бөлімшеде келесі емдеу әдістері қолданылады:
- Ми қан тамырларының аневризмаларын эмболизациялау;
- Стент көмегімен аневризмаларды эмболизациялау;
- Ми тамырларынан тромбтарды механикалық немесе аспирациялық әдіспен алып тастау;
- Ағынды қайта бағыттаушы құрылғыларды пайдалана отырып, аневризмаларды эмболизациялау және стенттеу;
- Артерия-веналық мальформацияларды эмболизациялау;
- Ішкі ұйқы артерияларын стенттеу;
- Интракраниалдық артерияларды стенттеу;
- Каротидті эверсиялық эндартерэктомия;;
- Веналардың эндовеноздық радиожиіліктік абляциясы;
- Трансъюгулярлық бауырішілік портожүйелік шунттау (TIPS);
- Бүйрек артерияларын стенттеу;
- Геморроидалдық артерияларды эмболизациялау;
- сан-тізеасты шунттау;
- Жоғарғы және төменгі аяқ-қол артерияларына тромбэктомия жасау;
- Шеткері артерияларға баллондық ангиопластика жасау;
- Стенттеумен бірге баллондық ангиопластика жасау;
- Тері арқылы, бауыр арқылы холангиостомия жасау;
- Жатыр миомасы кезінде жатыр артерияларын эмболизациялау;
- Кіші жамбас аймағындағы варикозды кеңейген веналарды эмболизациялау;
- Созылмалы жамбас ауыруын емдеу;
- Қуық асты безі артерияларын эмболизациялау;
- Кава-фильтр имплантациясы;
- Гиперваскулярлы ісіктерді эмболизациялау;
- Церебралды ангиография, каротидография;
- Төменгі және жоғарғы аяқ-қол тамырларының, сондай-ақ аортаның барлық тармақтарының ангиографиясы.

Функционалдық нейрохирургия және нейромодуляция
Бөлімше күрделі қозғалыс бұзылыстары, созылмалы ауырсыну синдромдары және дәрі-дәрмекпен емдеуге төзімді эпилепсия түрлері бар пациенттерді емдеуге бағытталған функционалдық нейрохирургия бағытын дамытады.
Практикаға келесі әдістер енгізілген:
- дәрі-дәрмекпен емдеуге төзімді эпилепсия кезінде кезбе жүйкесін стимуляциялау;
- жұлынның нейростимуляциясы;
- сакральды нейромодуляция;
- фармакорезистентті эпилепсияны хирургиялық емдеу;
- тригеминальды микроваскулярлық декомпрессия;
- бет нервінің микроваскулярлық декомпрессиясы;
- гассер түйінінің радиожиілік абляциясы;
- созылмалы ауырсынуды хирургиялық емдеудің заманауи әдістері - RHD;
- Шығыс Қазақстан облысының паркинсонологиялық қызметін дамыту.
Лимфология және реконструктивті хирургия
Бөлімшенің жаңа бағыттарының бірі хирургиялық лимфология болып табылады.
Лимфедеманы диагностикалау мен хирургиялық емдеудің заманауи әдістері игерілді:
* лимфография;
* лимфостаз кезінде лимфовенозды анастомоздардың микрохирургиялық қалыптасуы.
Бұл бағытты дамыту Беларусь Республикасының жетекші бейіндік орталықтарында мамандарды оқытудың арқасында мүмкін болды.
Заманауи технологияларды енгізу мамандандырылған медициналық көмек көрсету мүмкіндіктерін кеңейтуге және Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына тікелей өңірде диагностика мен емдеудің күрделі түрлеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Команда
![]() |
Бөлімшені жоғары санатты нейрохирург -дәрігер, PhD докторы, 18 жылдан астам кәсіби еңбек өтілі бар Уап Жандос Талғатұлы басқарады. |
![]() |
Старокожев Юрий Александрович — Шығыс Қазақстан облысының штаттан тыс бас нейрохирургы, жоғары санатты нейрохирург- дәрігер, 37 жылдық еңбек өтілі бар. |
![]() |
Недбайло Дмитрий Юрьевич — жоғары санатты нейрохирург- дәрігер, еңбек өтілі 23 жыл. |
![]() |
Бегалинов Жасұлан Берікұлы — қан тамырлары хирургы, хирург, проктолог, еңбек өтілі 16 жыл. |
![]() |
Перевозчиков Евгений Николаевич —невропатолог- дәрігер, еңбек өтілі 3 жыл; |
![]() |
Каденов Ғұмар Мұхтарұлы — нейрохирург- дәрігер; |
![]() |
Кылышбеков Рауан Мейрамбекович — нейрохирург- дәрігер. |
![]() |
Бөлімше жас мамандарды даярлауға ерекше көңіл бөледі. Қазіргі уақытта ұжым құрамында резидент-дәрігерлер білім алуда: Сымбатұлы Ертай - резидент дәрігер нейрохирург 4 жыл |
![]() |
Омарбек Әбілқайыр Қайратұлы- резидент дәрігер нейрохирург 4 жыл |
![]() |
Дидаров Өміржан Дидарұлы – резидент дәрігер нейрохирург 3 жыл |
![]() |
Нұранов Тимур Қайырғазыұлы – резидент дәрігер нейрохирург 2 жыл |
Мейіргерлік қызмет
Жоғары технологиялық медицинаны орта және кіші буын медицина қызметкерлерінің үйлесімді еңбегінсіз жүзеге асыру мүмкін емес.
Мейіргерлік қызмет құрамында палаталық және операциялық мейіргерлер, таңу және емшара кабинеттерінің қызметкерлері, санитарлар мен шаруашылық медбикесі жұмыс істейді.
Операциялық мейіргерлер Мустафина Бейбитгүл Шағманқызы, Оразбаева Динара Амангелдинқызы және Абайханқызы Айжан күрделі хирургиялық операцияларды дайындау мен жүргізуді қамтамасыз етіп, операциялық бригаданың үздіксіз жұмысын ұйымдастырады.
Пост мейіргерлері — Аубакирова Светлана Орынтаевна, Нурмухамбетжанова Гүлжанат Наурызбаевна, Усманова Гүлчехра Гайбуллоевна (аға мейіргер міндетін атқарушы) және Жолдыбаева Аяулым Дәулетқызы — пациенттерді тәулік бойы бақылауды, дәрігер тағайындауларын орындауды, операциядан кейінгі кезеңде күтім көрсетуді және емделудің барлық кезеңінде медициналық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.
![]() |
Мейіргерлік қызметтің жұмысын аға мейірбике Бибик Ольга Владимировна үйлестіреді. |
![]() |
Тажикова Толкын Ерсаиновна : шаруашылық бикесі |
Мейіргерлік және қосалқы қызметтің әрбір қызметкері — пациенттердің қауіпсіздігіне, көрсетілетін медициналық көмектің сапасына және бөлімшеде жайлы жағдайдың қамтамасыз етілуіне жауап беретін біртұтас команданың ажырамас бөлігі.
Тәлімгерлер мен кәсіби серіктестер
Бөлімшенің дамуы Қазақстанның және шетелдің жетекші мамандарымен тәжірибе алмасуға негізделген.
Бұл ретте Қазақстан Республикасы Ұлттық нейрохирургия орталығымен ынтымақтастықтың маңызы ерекше. Ұжымның кәсіби қалыптасуы мен дамуына профессор, медицина ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Ақшулаков Серік Қуандықұлы, сондай-ақ Махамбетов Ербол Тарғынұлы, Тельтаев Данияр Керімқұлұлы, Құнақбаев Бауыржан Асқарұлы және басқа да мамандар елеулі үлес қосты.
Кәсіби өзара ынтымақтастық Қазақстанның жетекші медициналық ұйымдарымен, соның ішінде Астана, Алматы және Семей қалаларындағы медициналық орталықтармен де жүзеге асырылады.
- Шпеков Азат Салимұлы, Сабитов Ерсын Тюлютайұлы, Иманбаев Мерей Нұриденұлы, Сальменбаев Ерлан Әуелғазыұлы, Культуманов Алтай Сансызбайұлы, Мун Евгений Васильевич, Сағандықов Ирлан Нигметжанұлы, Бердиходжаев Мыңжылқы Сайлауұлы, Саршаев Марат Аманғалиевич, Обвинцев Александр Валерьевич және басқа да сарапшылар бар.
Халықаралық ынтымақтастық
Бөлімшенің дамуының негізгі қағидаттарының бірі — халықаралық кәсіби тәжірибе алмасу.
Бөлімше мамандары Ұлыбритания, Түркия, Израиль, Беларусь, Литва және Ресейдің жетекші медициналық орталықтары мен сарапшыларымен ынтымақтастық орнатқан.
Кәсіби өзара ынтымақтастық, атап айтқанда, келесі ұйымдармен жүзеге асырылды:
- King’s College Hospital London — Ұлыбритания;
- Gazi University — Түркия;
- Koç University — Түркия;
- Sheba Medical Center — Израиль;
- Минск хирургия, трансплантология және гематология ғылыми-практикалық орталығы — Беларусь Республикасы;
- Meliva Kardiolita — Литва Республикасы;
- Ресей ФМБА Ұлттық оториноларингология медициналық зерттеу орталығы — Ресей Федерациясы;
- Sheba Medical Center, Тель-Авив — Израиль.
Бөлімше мамандары тұрақты түрде тағылымдамадан өтіп, шеберлік сабақтарына, бірлескен операцияларға, білім беру бағдарламалары мен кәсіби конференцияларға қатысады. Мәселен, 2023 жылы дәрігер-нейрохирург Недбайло Дмитрий Юрьевич Тель-Авив қаласындағы Sheba Medical Center орталығында алты айлық тағылымдамадан өтті.
2024 жылы бөлімше мамандары профессор Озкан Атештің жетекшілігімен Koç University университетінде жұлын нейрохирургиясы бойынша білім алды. Сонымен қатар, Ресей ФМБА Ұлттық оториноларингология медициналық зерттеу орталығында электромагниттік есту аппараттарын имплантациялау мәселелері бойынша арнайы дайындықтан өтті.
2026 жылы бөлімше мамандары Қазақстан Республикасы Ұлттық нейрохирургия орталығында функционалдық және тамырлық нейрохирургия бойынша білім алды. Сонымен қатар, Минск хирургия, трансплантология және гематология ғылыми-практикалық орталығында лимфостазды хирургиялық емдеу және лимфа жүйесін микрохирургиялық реконструкциялау бойынша тағылымдамадан өтті.
Мамандарды оқыту және дамыту
Кәсіби даму — бөлімше жұмысының ажырамас бөлігі.Дәрігерлер Қазақстандағы және шетелдегі жетекші медициналық орталықтарда тұрақты түрде біліктілігін арттырып, халықаралық конгрестерге, ғылыми-практикалық конференцияларға, шеберлік сабақтарына және клиникалық талдауларға қатысады.
Жас нейрохирургтарды даярлауға ерекше көңіл бөлінеді. Өз нейрохирургия мектебін қалыптастыру бөлімшенің және өңірлік медициналық қызметтің дамуындағы маңызды бағыттардың бірі ретінде қарастырылады.
Аға буын мамандарының практикалық тәжірибесін жас дәрігерлерге беру кәсіби сабақтастықты сақтауға және Шығыс Қазақстанның жоғары технологиялық медицинасы үшін кадрлық әлеуетті қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Ғылыми қызмет
Заманауи жоғары технологиялық медицинаны үздіксіз ғылыми ізденіссіз дамыту мүмкін емес.
Бөлімше мамандары ғылыми-практикалық конференцияларға, кәсіби форумдар мен білім беру бағдарламаларына қатысады, емдеу нәтижелерін талдайды, заманауи халықаралық ұсынымдарды зерделейді және жаңа тәсілдерді клиникалық тәжірибеге енгізеді.
Ғылыми және білім беру қызметі бөлімшенің жалпы даму стратегиясының бір бөлігі болып табылады және медициналық көмектің сапасын арттыруға, сондай-ақ технологияларды одан әрі жетілдіруге бағытталған.
Даму перспективалары
Бөлімше жоғары технологиялық, аз инвазивті және дербестендірілген медициналық көмектің аясын кеңейтуді жалғастыруда.
Перспективалы бағыттардың қатарында:
- стереотаксистік навигацияны қолдана отырып, миды терең стимуляциялау (DBS);
- рамалық стереотаксистік хирургия;
- нейромодуляция және қозғалыс бұзылыстары хирургиясын одан әрі дамыту;
- электромагниттік есту аппараттарын имплантациялау;
- эндоскопиялық жұлын хирургиясы;
- спондилодездің әртүрлі технологияларын қолдану;
- омыртқааралық дискілерді протездеу;
- лимфа түйіндерін микрохирургиялық трансплантациялау;
- лимфостазды хирургиялық емдеуді одан әрі дамыту;
- тамырлық және эндоваскулярлық хирургия мүмкіндіктерін кеңейту;
- гибридті аз инвазивті араласуларды дамыту;
- нейромодуляция және созылмалы ауырсынуды емдеу технологияларын жетілдіру.
Біздің философиямыз
Инновациялық медицина бөлімшесі үшін инновация — бұл мақсат емес. Әрбір жаңа технология нақты нәтижеге бағытталуы тиіс: уақытылы диагностика жүргізу, тиімді емдеу, хирургиялық жарақатты азайту, қалпына келу кезеңін қысқарту және пациенттің өмір сүру сапасын арттыру.
Әрбір заманауи операцияның артында кәсіби дайындық, командалық жұмыс, үздіксіз білім алу, ғылыми ізденіс және пациент алдындағы жауапкершілік тұр.
Инновациялар, технологиялар және кәсібилік — пациенттердің денсаулығы мен өмір сүру сапасы үшін.
Инновациялық медицина бөлімшесінің тарихы жалғасуда. Жаңа технологиялар, жаңа мамандар, жаңа білім мен жаңа мүмкіндіктер күн сайын Шығыс Қазақстанның заманауи медицинасының ажырамас бөлігіне айналуда.
















