Консультативтік-диагностикалық бөлімше
Консультативтік-диагностикалық бөлімше 2024 жылғы 25 қыркүйекте ашылды және пациенттерге мамандандырылған консультациялық және диагностикалық көмек көрсетеді.
Бөлімшенің негізгі міндеттері:
-
- бағыт бойынша және ақылы негізде бейінді мамандармен консультациялар өткізу;
- диагнозды нақтылау және одан әрі емдеу тактикасын анықтау мақсатында пациенттерді тексеру;
- шағын хирургиялық араласулар жүргізу;
- таңу жұмыстарын жүргізу және операциядан кейінгі жараларды өңдеу;
- зертханалық және аспаптық диагностикалық зерттеулер жүргізу;
- ауру бейіні бойынша пациенттерді динамикалық бақылау;
- қажет болған жағдайда пациенттерді қосымша тексеруге немесе мамандандырылған ем алуға жіберу.
Бөлімше мамандары
Консультативтік қабылдауды жүзеге асырады:
-
- жақ-бет хирургі;
- нейрохирург;
- невролог (невропатолог);
- эндокринолог;
- нефролог;
- хирург;
- гастроэнтеролог;
- инфекционист;
- травматолог;
- гинеколог;
- уролог.
Диагностикалық зерттеулер
Ультрадыбыстық диагностика:
-
- құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ;
- бүйректің УДЗ.
Рентгенологиялық зерттеулер:
-
- кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы;
- жоғарғы және төменгі аяқ-қол сүйектері мен буындарының рентгенографиясы;
- омыртқаның рентгенографиясы (мойын, кеуде, бел-сегізкөз бөлімдері);
- бассүйек рентгенографиясы;
- мұрынның қосалқы қуыстарының рентгенографиясы;
- жамбас сүйектері мен жамбас-сан буындарының рентгенографиясы;
- құрсақ қуысы ағзаларының рентгенографиясы;
- шолу және нысаналы рентгенография;
- көрсетілімдер бойынша басқа да анатомиялық аймақтардың рентгенографиясы.
Функционалдық диагностика:
-
- электрокардиография (ЭКГ).
Зертханалық диагностика:
-
- жалпы қан талдауы (ЖҚТ);
- қанның биохимиялық талдауы (БХТ);
- жалпы зәр талдауы (ЖЗТ);
- микрореакция;
- АИТВ-ға қан талдауы;
- В және С вирустық гепатиттерінің маркерлеріне қан зерттеуі.
Парақтар өзгертілді: 23-09-2026



