№2 хирургия бөлімшесі
Құрылу тарихы
№2 хирургия бөлімі Өскемен қаласында ЖМЖА – да құрылған 1976 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. 2015 жылы Өскемен қаласының ЖМЖА-ны оңтайландыру жүргізілуіне және кейіннен жабылуына байланысты мекеме қайта ұйымдастырылып, №1 қалалық ауруханаға қосылды. Кейін медициналық ұйым Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығы болып қайта аталды.
Бөлімшенің міндеттері
Шұғыл және жоспарлы мамандандырылған және жоғары мамандандырылған хирургиялық көмек көрсету.
Бөлімде Қазақстан Республикасының республикалық орталықтарында, сондай-ақ алыс және жақын шетел клиникаларында білім алған дәрігерлер жұмыс істейді. Бөлімшеде хирургиялық операциялардың толық спектрі орындалады.
№2 хирургия бөлімшесі
Хирургия бөлімшесі құрсақ қуысы ағзалары, асқазан-ішек жолы, бауыр, өт қабы және өт жолдары, ұйқы безі, көкбауыр, алдыңғы құрсақ қабырғасы, жұмсақ тіндер және қан тамырлары аурулары бар пациенттерге мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді.
Бөлімшеде жоспарлы және шұғыл хирургиялық араласулардың кең ауқымы, оның ішінде аз инвазивті және лапароскопиялық операциялар жүргізіледі. Хирургиялық емдеу тактикасы диагнозды, пациенттің жағдайын және операциялық емдеуге көрсетілімдерді ескере отырып, әр пациентке жеке анықталады.
Заманауи технологиялар және хирургиялық әдістер
Операцияларды жүргізу кезінде заманауи эндоскопиялық, микрохирургиялық және навигациялық технологиялар қолданылады, бұл араласуды жоғары дәлдікпен және тіндердің минималды жарақаттануымен жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Хирургиялық көмек спектріне мыналар кіреді:
- құрсақ қуысы ағзаларына жасалатын лапароскопиялық операциялар;
- асқазан мен ішекке жасалатын операциялар;
- өт қабы мен өт жолдары ауруларын хирургиялық емдеу;
- бауыр, ұйқы безі және көкбауырға жасалатын операциялар;
- алдыңғы құрсақ қабырғасының грыжаларын, соның ішінде торлы импланттарды қолдану арқылы хирургиялық емдеу;
- колопроктологиялық хирургиялық араласулар;
- жұмсақ тіндердің іріңді-қабыну ауруларын хирургиялық емдеу;
- қан тамырларына жасалатын операциялар;
- диагностикалық және емдік пункциялар, дренаждау және биопсиялар;
- реконструктивтік және қалпына келтіру операциялары.
Операциялардың басым бөлігі аз инвазивті әдістерді қолдану арқылы орындалады. Бұл операциялық жарақатты азайтуға, қалпына келу кезеңін қысқартуға және пациенттің күнделікті белсенділігіне ертерек оралуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Операция түрлерінің тізімі:
1. Құрт тәрізді өсіндіге жасалатын операциялар
- Аппендэктомия;
- Лапароскопиялық аппендэктомия.
2. Бауыр және өт шығару жолдарына жасалатын операциялар
- Холецистэктомия;
- Лапароскопиялық холецистэктомия;
- Холецистостомия;
- Холедохотомия;
- Холедохолитотомия;
- ЭПСТ (эндоскопиялық папиллосфинктеротомия);
- ЭРХПГ (эндоскопиялық ретроградтық холангиопанкреатография);
- Өт жолдарын дренаждау;
- Бауыр биопсиясы;
- Бауыр резекциясы;
- Бауыр сегментэктомиясы;
- Гемигепатэктомия;
- Бауырды тігу.
3. Ұйқы безіне жасалатын операциялар
- Ұйқы безінің секвестрэктомиясы;
- Ұйқы безінің кистасын дренаждау;
- Цистогастростомия;
- Цистоеюностомия.
4. Грыжаларға жасалатын операциялар
- Сан жарығына жасалатын герниопластика (Бассини әдісі бойынша);
- Кіндік жарығына жасалатын герниопластика (Мейо, Сапежко әдістері бойынша);
- Шап жарығына жасалатын герниопластика (Лихтенштейн, Постемский, Жирар–Спасокукоцкий әдістері бойынша, Кимбаровский тігістерімен);
- Операциядан кейінгі вентральды жарыққа жасалатын герниопластика (Sublay әдісі бойынша, жергілікті тіндермен);
- Ақ сызық жарығына жасалатын герниопластика (Sublay әдісі бойынша, жергілікті тіндермен);
- Лапароскопиялық герниопластика.
5. Асқазан және он екі елі ішекке жасалатын операциялар
- Гастротомия;
- Гастростомия;
- Он екі елі ішектің (ОЕІ) тесілген ойық жарасын тігу;
- Асқазанның тесілген ойық жарасын тігу;
- Бильрот I әдісі бойынша асқазан резекциясы;
- Бильрот II әдісі бойынша асқазан резекциясы;
- Гофмейстер–Финстерер (Hofmeister–Finsterer) әдісі бойынша асқазан резекциясы;
- Бальфур (Balfour) әдісі бойынша асқазан резекциясы;
- Ру әдісі бойынша асқазан резекциясы (Roux-en-Y тәрізді анастомоз);
- Асқазанның проксимальды резекциясы;
- Пилоропластика;
- Гастрэктомия;
- Гастростомия.
6. Көкбауырға жасалатын операциялар
- Спленэктомия;
- Көкбауырды тігу.
7. Жіңішке және тоқ ішекке жасалатын операциялар
- Энтеротомия;
- Энтеростомия;
- Ішек өтімсіздігін жою: жабысқақтарды ажырату (адгезиолизис);
- Оң жақты гемиколэктомия;
- Сол жақты гемиколэктомия;
- Сигмоидэктомия;
- Илеостомия;
- Колостомия;
- Жіңішке ішек резекциясы;
- Жіңішке ішек–жіңішке ішек анастомозын салу;
- Жіңішке ішек–тоқ ішек анастомозын салу;
- Тоқ ішек–тоқ ішек анастомозын салу;
- ПЕЗП-ны жою.
8. Ішперде және шарбыға жасалатын операциялар
- Оментэктомия;
- Лапаротомия;
- Релапаротомия;
- Құрсақ қуысын санациялау және дренаждау;
- Құрсақ қуысын дренаждау;
- Лапароцентез;
- Құрсақ қуысына пункция жасау;
- Ішперде биопсиясы;
- Құрсақ қуысындағы бөгде денені алып тастау;
- Диагностикалық лапароскопия;
- Құрсақ артындағы кеңістікті дренаждау;
- Эвентерацияны жою.
9. Кеуде қуысы және көкірек ортасына жасалатын операциялар
- Торакоцентез;
- Плевра қуысын дренаждау;
- Торакотомия;
- Жүрек жарақатын тігу;
- Өкпе жарақатын тігу;
- Перикардиотомия;
- Медиастинит кезінде санациялау және дренаждау.
10. Қан тамырларына жасалатын операциялар
- Қан тамырларын байлау
- Тамырларды тігу
- Тромбоэктомия
- Эмболэктомия
- Флебоэктомия
- Кроссэктомия
- Веналық склеротерапия
- Жамбас буындарын шунттау
11. Тік ішек пен геморрой түйіндеріне жасалатын операциялар
- Миллиган–Морган әдісі бойынша геморроидэктомия
- Геморрой түйіндерін лазермен буландыру (вапоризация)
- Геморрой түйіндерін лигирлеу (байлау)
- Анальды жарықты кесіп алып тастау
- Парапроктитті ашу
- Параректальды жыланкөздерді кесіп алып тастау
- Сфинктеротомия
- Параректальды жыланкөздерді кесіп алып тастау
12. Теріге және теріасты майлы тіндеріне жасалатын операциялар
- ЖБХӨ
- Липоманы кесіп алып тастау
- Атероманы кесіп алып тастау
- Лигатуралық жыланкөзді кесіп алып тастау
- Пилонидальды кистаны кесіп алып тастау
- Тері папилломасын кесіп алып тастау
- Абсцесті ашу және дренаждау
- Карбункулды ашу және дренаждау
- Фурункулды ашу және дренаждау
- Флегмонаны ашу және дренаждау
- Өскен тырнақ пластинасын алып тастау
- Бөгде денені алып тастау
- Жұмсақ тіндер жыланкөзін кесіп алып тастау
- Келоидты тыртықтарды кесіп алып тастау
- Аутодермопластика
- Саусақтарды ампутациялау
- Санның ортаңғы үштен бір деңгейінде ампутациялау
- Шопар бойынша ампутация
Стационарлық емдеу және жайлылық
Пациенттер үшін жайлы жағдай жасалып, тәулік бойы медициналық бақылау қамтамасыз етіледі. Медициналық көрсеткіштерге және таңдалған емдеу форматына байланысты жеке медициналық пост, жеке тамақтануды ұйымдастыру және еріп жүруші тұлғалардың бірге болуына арналған жағдайлар қарастырылған.
Қалпына келтіру және оңалту
Оңалту шаралары операциядан кейінгі ерте кезеңдерде басталады және хирургиялық араласудың сипаты мен науқастың жағдайын ескере отырып жеке таңдалады. Қалпына келтіру бағдарламасына ерте белсендіру, операциядан кейінгі жағдайды бақылау, асқынулардың алдын алу және қозғалыс белсенділігін қалпына келтіру кіруі мүмкін.
Шетел азаматтарына медициналық көмек
Бөлімше шетелдік пациенттерді қабылдайды және емдеудің барлық кезеңдерінде кешенді сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.
Шетел азаматтары үшін:
- медициналық көмекті алдын ала ұйымдастыру;
- медициналық үйлестірушінің жеке қолдауы;
- аудармашы қызметтері;
- диагностикалық және хирургиялық шараларды үйлестіру;
- ауруханаға жатқызу және операциядан кейінгі қалпына келтіру кезеңінде науқасты сүйемелдеу.
Бөлімшенің негізгі міндеті — пациентке диагностика жүргізу мен емдеу тактикасын таңдаудан бастап, операциядан кейінгі бақылау және қалпына келтіру кезеңіне дейін кешенді хирургиялық көмек көрсету.
Төсек қоры
Қазіргі уақытта бөлімше 36 төсекке есептелген.
Дәрігерлер құрамы
![]() |
Башабаев Айдын Жолдыбаевич |
![]() |
Елеугожина Назгуль Аскаровна Лауазымы: ординатор Мамандануы: Жалпы хирургия Жұмыс өтілі: 14 жыл Санаты: жоғары |
![]() |
Сериков Данияр Яшарулы Лауазымы: ординатор Мамандануы: Жалпы хирургия Жұмыс өтілі: 9 жыл Санаты: бірінші |
![]() |
Мұратбек Шыңғыс Оралханұлы Лауазымы: ординатор Мамандануы: Жалпы хирургия Жұмыс өтілі: 12 жыл Санаты: жоғары |
![]() |
Мукатаев Бейбіт Өмірбекович Лауазымы: ординатор Мамандануы: Жалпы хирургия Жұмыс өтілі: 12 жыл Санаты: жоғары |
![]() |
Қайсабеков Айбек Сержанұлы Лауазымы: ординатор Мамандануы: Жалпы хирургия Жұмыс өтілі: 4 жыл Санаты: жоқ |
![]() |
Канасов Даурен Кабдылулы Лауазымы: ординатор Мамандануы: Жалпы хирургия Жұмыс өтілі: 8 жыл Санаты: жоқ |
![]() |
Ақылбеков Диас Ақылбекұлы Лауазымы: резидент -дәрігер Мамандануы: Жалпы хирургия Жұмыс өтілі: резидент- дәрігер хирург 3 жыл Санаты: жоқ |
![]() |
Қанағатов Аңсаған Серікұлы Лауазымы: резидент -дәрігер Мамандануы: Жалпы хирургия Жұмыс өтілі: резидент- дәрігер хирург 2 жыл Санаты: жоқ |
![]() |
Ақыт Мұқамет Лауазымы: резидент -дәрігер Мамандануы: Жалпы хирургия Жұмыс өтілі: резидент- дәрігер хирург 1 жыл Санаты: жоқ |













