Урология бөлімшесі

Урологическое отделение

Құрылу тарихы
1982 жылы «ШҚО ММО» ШЖҚ КМК базасында 60 төсек-орынға арналған, жалпы аумағы 1145,5 шаршы метр урология бөлімшесі ашылды. Қазіргі уақытта бөлімше жоғары білікті кадрлық әлеуеті және қажетті материалдық-техникалық базасы қалыптасқан урологиялық бөлімше ретінде жұмыс істейді. Бөлімше қала және облыс тұрғындарына тәулік бойы шұғыл және жоспарлы мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді, сондай-ақ облыстың барлық медициналық ұйымдарына консультативтік және ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетеді.
Біздің бөлімше сапалық және сандық көрсеткіштері, сондай-ақ жаңа технологияларды енгізу деңгейі бойынша Қазақстан Республикасындағы облыстық бөлімшелер арасында жетекші орындардың бірін иеленеді. Соңғы жылдары хирургиялық белсенділік көрсеткіші шамамен 80%-ды құрайды, ал негізгі аурулар бойынша эндоскопиялық операциялардың үлесі 90%-ға дейін жетеді. Емдеу заманауи клиникалық хаттамаларға сәйкес жүргізіледі.

Бөлімшенің міндеттері
Шұғыл және жоспарлы мамандандырылған, жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету, сондай-ақ ақылы негізде медициналық қызметтер ұсыну.
Бөлімшеде Қазақстан Республикасының Урология ұлттық орталығында, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердің жетекші клиникаларында білім алып, біліктілігін арттырған дәрігерлер жұмыс істейді. Бөлімшеде операциялардың толық спектрі орындалады.

Лапароскопиялық операциялар:

  • Радикалды простатэктомия;
  • Бүйректің лапароскопиялық резекциясы.
  • Лапароскопиялық нефрэктомия;
  • Әртүрлі анатомиялық аймақтардағы лапароскопиялық пластикалық операциялар.

Эндоскопиялық операциялардың барлық түрлері:

  • Ретроградты интраренальды хирургия (РИРХ);
  • Қуықасты безінің трансуретралды резекциясы (ҚБТР);
  • Контактілі лазерлік литотрипсия;
  • Лазерлік оптикалық уретротомия;
  • Қуықасты безінің лазерлік энуклеациясы.

Реконструктивті урология:
Бөлімшеде реконструктивті урология бойынша операциялардың барлық түрлері орындалады:

  • Уретра стриктуралары кезінде буккальды пластика
  • ЛМС пластикасы.

Төсек-орын қоры
Қазіргі уақытта бөлімше 61 төсек-орынға есептелген, оның ішінде:

  • 51 төсек-орын — тәулік бойы жұмыс істейтін стационар;
  • 10 төсек-орын — күндізгі стационар.

 

Дәрігерлер құрамы:

Нургалиев Аслан Асылбекович Нургалиев Аслан Асылбекович
Лауазымы: бөлімше меңгерушісі
Мамандығы: урология
Жалпы еңбек өтілі: 24 жыл
Біліктілік санаты: жоғары
Шарапов Сергей Васильевич Шарапов Сергей Васильевич
Лауазымы: хирург дәрігер
Мамандығы: урология
Жалпы еңбек өтілі: 33 жыл
Біліктілік санаты: бірінші
Куандыков Нуркумар Кинаятович Куандыков Нуркумар Кинаятович
Лауазымы: хирург дәрігер, МҒК, штаттан тыс бас уролог
Мамандығы: урология
Жалпы еңбек өтілі: 50 жыл
Біліктілік санаты: жоғары
Мухдыбаев Ринат Муратханович Мухдыбаев Ринат Муратханович
Лауазымы: хирург дәрігер
Мамандығы: урология
Жалпы еңбек өтілі: 23 жыл
Біліктілік санаты: жоғары
Сейлханов Алибек Еркайратович Сейлханов Алибек Еркайратович
Лауазымы: хирург дәрігер
Мамандығы: урология
Жалпы еңбек өтілі: 23 жыл
Біліктілік санаты: жоғары
Сейлханов Алибек Еркайратович Куандыков Еламан Нуркумарович
Лауазымы: хирург дәрігер
Мамандығы: урология
Жалпы еңбек өтілі: 24 жыл
Біліктілік санаты: жоғары
Рукин Андрей Александрович Рукин Андрей Александрович
Лауазымы: хирург дәрігер
Мамандығы: урология
Жалпы еңбек өтілі: — жыл
Біліктілік санаты: жоғары
Ахметов Дәурен Бағдатұлы Ахметов Дәурен Бағдатұлы
Лауазымы: хирург дәрігер
Мамандығы: урология
Жалпы еңбек өтілі: 5 жыл
Біліктілік санаты: санаты жоқ
Абдрахманова Камила Болатовна Абдрахманова Камила Болатовна
Мамандығы: урология
Жалпы еңбек өтілі: 5 жыл
Біліктілік санаты: санаты жоқ
Еркінов Сержан Уркінұлы

Еркінов Сержан Уркінұлы
Лауазымы: хирург дәрігер
Мамандығы: урология
Жалпы еңбек өтілі: 2 жыл
Біліктілік санаты: санаты жоқ

 

Парақтар өзгертілді: 25-09-2026