Нефрология бөлімшесі

«ШҚО ММО» нефрология бөлімшесі — өңірлік деңгейдегі бірегей мамандандырылған бөлімше және Шығыс Қазақстан облысындағы жалғыз бейінді  нефрологиялық бөлімше болып табылады. Нефрология бөлімшесі 1982 жылы Өскемен қаласының №1 қалалық ауруханасының базасында ашылды. Қаладағы медициналық ұйымдарды қайта ұйымдастыру барысында нефрологиялық қызмет Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығының («ШҚО ММО») құрылымына енгізілді.
Нефрология бөлімшесіі бүйрек және несеп шығару жүйесі аурулары бар пациенттерге мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. Бөлімшенің негізгі жұмыс бағыттары: Бүйректің жедел және созылмалы ауруларын диагностикалау, емдеу және алдын алу; Созылмалы бүйрек ауруы (СБА) бар пациенттерге бүйрек алмастырушы емді бастау көрсетілімдерін анықтау; Нефрология бөлімшесінің пациенттеріне, сондай-ақ стационардың басқа бөлімшелеріндегі (урологиялық, терапиялық, хирургиялық және т.б.) пациенттерге жедел бүйрек жеткіліксіздігі кезінде шұғыл медициналық көмек көрсету.

Нефрология бөлімшесі

Төсек қоры
Бөлімше 18 төсекке есептелген.

 

Дәрігерлер құрамы

Құрманғазынова Жұлдыз Құрманғазықызы Құрманғазынова Жұлдыз Құрманғазықызы
Лауазымы: бөлімше меңгерушісінің м. а.
Мамандануы: нефрология
Еңбек  өтілі: 4 жыл
Назыров Шамиль Владимирович Назыров Шамиль Владимирович
Лауазымы: ШҚО ДСБ штаттан тыс бас нефрологы
Мамандануы: нефрология
Еңбек өтілі: 19 жыл
   
  Фадеева  Ирина Анатольевна
Лауазымы: гемодиализ залының нефролог-дәрігері
Мамандануы: нефрология
Еңбек өтілі: 39 жыл
   
  Квитченко Светлана Анатольевна
Лауазымы: гемодиализ залының нефролог-дәрігері
Мамандануы: нефрология
Еңбек өтілі: 35 жыл
Сахатова Умит Эриковна Сахатова Умит Эриковна
Лауазымы: нефролог - дәрігер
Мамандануы: нефрология
Еңбек өтілі: еңбек өтілі жоқ

 

Парақтар өзгертілді: 28-09-2026