«Сепсис» тақырыбына арналған дәрігерлік конференция

2017 жылдың 30 қазанында «№1 Өскемен қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК №1 жұқпалы аурулар бөлімшесінің меңгерушісі Н.А.Фомичева және №2 жұқпалы аурулар бөлімшесінің меңгерушісі С.К.Дукенова  «Сепсис» тақырыбында дәрігерлік конференция өткізді.

Сепсис – қазіргі заманның қарқынды терапиясының күрделі мәселелерінің бірі. Аталған аурудың түрі күрделі және ауыр болғандықтан, ауруға  дұрыс диагностика жасау және  емдеу қажеттілігі барлық бейіннің дәрігерлерінде сұрақтар туындатады.

«Сепсис» тақырыбында баяндама тыңдалды. Соңғы 3 жылдағы емделген жағдайлар бойынша статистикалық деректер берілді.

Конференция соңында аурухана дәрігерлері арасында аталған тақырып бойынша сұрақ-жауаптар, пікірталастар орын алды.