Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу

"Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны" іске асыру мақсатында бүгін Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері біздің медициналық орталықтың ұжымымен кездесу өткізді. Қазақстан аумағындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, Қазақстан Республикасындағы әрекеттегі дәстүрлі емес діни ағымдардың қаупі жөнінде түсіндірме жұмысы жүргізілді.