Травматологтарға арналған мастер-класс

Мәскеу қаласындағы Ресей ғылым академиясы клиникалық емханасы орталығының ортопед дәрігері және ШҚО мамандандырылған медициналық орталығы арасындағы ынтымақтастық және тәжірибемен бөлісу аясында «Тізе буындарының күрделі жарақаттарын артроскопиялық тәсілмен емдеуге» арналған іс-шара өткізілді.  

Мәскеу қаласындағы Ресей ғылым академиясы клиникалық емханасы орталығының ортопед дәрігері Андрей Родионов екі күн бойы ШҚО мамандандырылған медициналық орталығының  (бұдан әрі — ШҚО ММО) травматологтарын тізе буындарына артроскопиялық тәсілмен операция жүргізуге үйретті. Мастер-класстың өткізілуі травматология бөлімшесінде жаңа жабдықтың сатып алуына байланысты, сондықтан  медициналық орталықтың аталған операцияларды жүргізуге  мүмкіндігі бар.

«Бұл жоғарытехнологиялық және кіші инвазиялық әдіс. Артроскопия әдісінің классикалық әдістемеге қарағанда көптеген мүмкіндіктері бар – буындарда ашық операциялар жүргізуге болады. Бүгінгі таңда  иық және тізе буындарындағы операциялардың көп бөлігі артроскоп арқылы жүргізіледі. Одан да ілгері деңгейлері бар  — тізе буынының зақымданған элементтерін қалпына келтіру, оның ішінде, алдыңғы айқышты байламды қалпына келтіру. Емделушіде аталған буынның (тізе буынының негізгі стабилизаторы)  анатомиялық ерекшеліктері қалпына келтіріледі. Орта есеппен алғанда жылына 250 астам осындай операцияларды жүргіземін», — деді Андрей Родионов.

Мастер-класс барысында облыстық орталықтың мамандары тізе буындарына артроскопиялық тәсілмен операция жүргізудің тиімді және қауіпсіз әдістерін үйрену   арқылы өздерінің кәсіби біліктіліктері мен дағдыларын жетілдіре алды. Мастер-класс аясында дәрігер Родионов А.Р. ең күрделі патологиялары бар емделушілерді таңдап алып, үш демонстрациялық операция жүргізді.