«Медицина қызметкерлерінің күні» қарсаңында Өскемен қаласында облыстың денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлерге құрмет көрсетуге арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара барысында үздік қызметкерлер  әртүрлі номинацияларда атап өтілді. Оның ішінде, біздің ұйымның «ШҚО ММО» ШЖҚ КМК рентген-эндоваскулярлық зертхана меңгерушісі Корабаев Мұхтар Оразбекұлы «Науқастарды емдеу және диагностика жүргізудегі жаңа технологияларды енгізгені үшін» номинациясында  марапатқа ие болды.  

Сонымен қатар, ШҚО мамандандырылған медициналық орталығында да медицина қызметкерлерінің күніне орай ауқымды концерттік бағдарламамен салтанатты жиын өткізілді. «Жастар» және «Қазақ драма театрының» әртістері, «Найман» тобы,  «Экстази» шоу-балеті, «Полицейский патруль» шоу-тобы өнер көрсетті. Аурухана әкімшілігі қызметкерлерге денсаулық сақтау саласына қосқан зор үлестері, көп жылғы еңбектері, жоғары кәсіби біліктіліктері үшін дәстүрлі түрде марапат қағаздарын тапсырды.       
Біздің ұжымның атынан барлықтарыңызды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз!