Семинарлық сабақ

Кене энцефалиті, жіті ішек инфекциялары бойынша эпидемиологиялық маусымның басталуына байланысты, сонымен қатар, профилактикалық екпелер жүргізілетін жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында  "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау Департаментінің Өскемен қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" Республикалық мемлекеттік мекемесі ШҚО әкімдігі ДСБ «№1 Өскемен қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК базасында 2017 жылдың 23 мамырында  «Эпидемиология, клиника, зертханалық диагностика және кене энцефалитінің профилактикасы»; «Жіті ішек инфекцияларының профилактикасы»; «Вакцинамен басқарылатын инфекциялар. Шұғыл сіреспеге тән жұқпалар» тақырыптарында медициналық қызметкерлерге арналған семинарлық сабақ өткізілді.